Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2010 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында 38 ЖКО тіркелді, онда 10 адам қаза тапты және 43 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Астана, Алматы және Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады Сізге мұнда Алматы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады Сізге мұнда Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 
1-қосымша. Жол белгiлерi* (ҚР СТ 1125-2002 және ҚР СТ 1412-2005 бойынша)

1-қосымша. Жол белгiлерi* (ҚР СТ 1125-2002 және ҚР СТ 1412-2005 бойынша)

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен тақырып жаңа ре­дак­ци­яда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 ма­мыр­дағы № 420 Қаулы­сымен 1- қосым­ша өзгертілді (бұр. ред. қара)

Жол бел­гi­лерi* (ҚР СТ 1125–2002 және ҚР СТ 1412–2005 бойын­ша)

Жол бел­гi­лерiн таңба­лау Қазақстан Рес­публи­касы­ның стан­дарт­тау ту­ралы заңда­рына сәй­кес жүзе­ге асы­рыла­ды.

1. Ес­керту бел­гi­лерi

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 1 бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)

Ес­керту бел­гi­лерi жүргi­зушi­лер­ге олар­дың бойымен қозғалу ти­iс­тi жағдайға бай­ла­ныс­ты ша­ра қабыл­да­уды та­лап ете­тiн жол­дың қауiп­тi учас­ке­сiнiң жақын­даған­дығын ха­бар­лай­ды.

1.1. «Шлаг­ба­умы бар те­мiр­жол өтпе­сi».

Жол бел­гi­лерiн нөмiр­леу ҚР СТ 1125–2002-гe сәй­кес ке­ледi.

Жол бел­гi­лерi­нiң ата­ула­ры мен кес­кiнде­уле­рi 2-су­рет­те кел­тi­рiл­ген.

1.2. «Шлаг­ба­умы жоқ те­мiр­жол өтпе­сi».

1.3.1. «Бiр жол­ды те­мiр­жол», «Көп жол­ды те­мiр­жол». Шлаг­ба­ум­мен жаб­дықтал­маған те­мiр­жол арқылы өтпе­нi бел­гi­леу: 1.3.1.  — бiр жол­мен, 1.3.2.  — екi және одан көп жол­мен.

1.4.1.  — 1.4.6. «Те­мiр­жол өтпе­сiне жақын­дау». Ел­дi ме­кен­нен тыс те­мiр­жол өтпе­сiнiң жақын­дағаны ту­ралы қосым­ша ес­керту.

1.5. «Трам­вай же­лiсi­мен ке­сiп өту».

1.6. «Тең мағына­лы жол­ды ке­сiп өту».

1.7. «Ай­на­лыс­ты қозғалыс­пен ке­сiп өту».

1.8. «Бағдар­шам рет­те­уi». Қозғалыс бағдар­шаммен рет­те­летiн қиылыс, жа­яу жүргiн­шi өтпе­сi не­месе жол учас­ке­сi.

1.9. «Айыры­латын көпiр». Айыры­латын көпiр не­месе па­ром өтке­лi.

1.10. «Жағалауға шығу», Жағалауға не­месе жағаға шығу.

1.11.1., 1.11.2. «Қауiп­тi бұры­лыс». Шағын ра­ди­ус­ты не­месе көрi­нуi шек­те­улi жол­дың доғала­нуы: 1.11.1.  — оңға, 1.11.2.  — солға.

1.12.1., 1.12.2. «Қауiп­тi бұры­лыс­тар». Қауiп­тi бұры­лыс­тар бар жол учас­ке­лерi: 1.12.1.  — бi­рiн­шi бұры­лыс­пен оңға, 1.12.2.  — бi­рiн­шi бұры­лыс­пен солға.

1.13. «Тiк еңiс».

1.14. «Тiк өрлеу».

1.15. «Тайғақ жол». Жүрiс бөлi­гiнiң қат­ты тайғанақ жол учас­ке­сi.

1.16. «Те­гiс емес жол». Жүрiс бөлi­гiн­де те­гiс емес жер­ле­рi бар жол учас­ке­сi (толқын­данған, шығыңқы, көпiр­лермен үй­ле­сiм­сiз жалғасқан және с. с.).

1.16.1 «Жа­сан­ды ой­лы-қыр­лы­лық».

1.17. «Қиыр­шық тас ша­шылған». Қиыр­шық тас, ұса­тылған тас және сол сияқты­лар­дың көлiк құрал­да­рының дөңге­легi ас­ты­нан ша­шыра­уы мүмкiн жол учас­ке­сi.

1.18.1. -1.18.3. «Жол­дың та­рылуы». 1.18.1.  — екi жағынан, 1.18.2. оң жағынан, 1.18.3.  — сол жағынан та­рылуы.

1.19. «Екi­жақты қозғалыс». Қара­ма-қар­сы қозғалыс­ты жол учас­ке­сiнiң (жүрiс бөлi­гiнiң) бас­та­луы.

1.20. «Жа­яу жүргiн­шi өтпе­сi». 5.16.1., 5.16.2. және (не­месе) бел­гi­лерi­мен 1.14.1–1.14.3. таңба­лары­мен бел­гi­лен­ген жа­яу жүргiн­шi өтпе­сi.

1.21. «Ба­лалар». Жүрiс бөлi­гiне ба­лалар шыға ке­луi мүмкiн ба­лалар ме­кеме­сiне (мек­тептер, са­уықты­ру ла­гер­ле­рi және сол сияқты­лар) жақын жер­де­гi жол учас­ке­сi.

1.22. «Ве­лоси­пед жо­лымен қиылыс».

1.23. «Жол жұмыс­та­ры».

1.24. «Мал ай­дау».

1.25. «Жа­байы хайуанат­тар».

1.26. «Тас түсу». Опы­рылып құлау, ысыр­ма жүру, тас түсуi мүмкiн бо­латын жол учас­ке­лерi.

1.27. «Бүйiр­ден соғатын жел».

1.28. «Төмен ұша­тын ұшақтар».

1.29. «Тон­нель». Жа­сан­ды жа­рықтан­ды­руы және тон­нель не­месе кi­ру пор­та­лының көрi­нуi шек­те­улi тон­нель.

1.30. «Басқа қауiп­тi­лiк­тер». Басқа ес­керту бел­гi­лерi­мен көздел­ме­ген қауiп­тi­лiк­те­рi бар жол учас­ке­лерi.

1.31.1., 1.31.2. «Бұры­лыс бағыты». Көрi­нуi шек­те­улi шағын ра­ди­ус­ты жол доғала­ну­ын­дағы қозғалыс бағыты. Жол­дың жөнде­летiн учас­ке­сiн ай­на­лып өту бағыты.

1.31.3. «Бұры­лыс бағыты». Т үлгi­сiн­де­гi жол қиылы­сын­да не­месе ол тар­мақта­лу­ын­дағы қозғалыс бағыты. Жол­дың жөнде­летiн учас­ке­сiн ай­на­лып өту бағыты.

1.31.4, 1.31.5 «Бұры­лыс­тың бағыты».

1.32.1, 1.32.2 және 1.32.3 «Ке­дер­гi­нi ай­на­лып өту».

1.1., 1.2., 1.5–1.30. ес­керту бел­гi­лерi қауiп­тi учас­ке бас­талғанға дейiн ел­дi ме­кен­нен тыс жер­лерде 150–300 м қашықтықта, ал ел­дi ме­кен­дерде және тұрғын ай­мақтар­да 50–100 м қашықтықта ор­на­тыла­ды. Қажет болған жағдай­лар­да бел­гi­лер 7.1.1. таб­личка­сын­да көрсе­тiле­тiн өзге қашықтықтар­да да ор­на­тылуы мүмкiн.

1.13. және 1.14. бел­гi­лерi, егер еңiс­тер мен өрле­улер бi­рiнен соң бi­рi ке­летiн бол­са, тi­келей еңiс­тiң не­месе өрле­удiң бас­та­лысы ал­дында 7.1.1. таб­личка­сыз ор­на­тылуы мүмкiн.

1.23 бел­гi­сi жүріс бөлi­гiн­де қысқа мер­зiмдiк жұмыс­тар жүргi­зiл­ген кез­де жұмыс жүргi­зiле­тiн жер­ге дейiн 10–15 м ара қашықтықта ор­на­тылуы (7.1.1. таб­личка­сыз) мүмкiн.

Ел­дi ме­кен­дерден тыс жер­лерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 бел­гi­лерi қай­та­лана­ды. Екiн­шi бел­гi қауiп­тi учас­ке бас­талғанға дейiн ке­мiн­де 50 м арақашықтықта ор­на­тыла­ды.

1.4.1 — 1.4.3 бел­гi­лерi жол­дың оң жағынан, ал 1.4.4 — 1.4.6 -сол жағынан қойыла­ды. 1.4.1 және 1.4.4 бел­гi­лерi — 1.1 не­месе 1.2 бел­гi­сiмен қозғалыс­тың бағыты­мен, ал 1.4.2 және 1.4.5 бел­гi­лерi өздi­гiнен, 1.1 не­месе 1.2 бi­рiн­шi және екiн­шi бел­гi­лерi­нiң ара­сына бiр­дей арақашықтықта қойыла­ды.

1.3.1 және 1.3.2 бел­гi­лерi тi­келей те­мiр­жол өтпе­сiнiң ал­ды­на қойыла­ды.

2. Ба­сым­ды­лық бел­гi­лерi

Ба­сым­ды­лық бел­гi­сi жүрiс бөлi­гiнiң не­месе жол­дың жiңiш­керген учас­ке­лерi­нiң көше қиылыс­та­рын өтпе­лерiн ке­сiп өту ке­зек­тi­лiгiн бел­гi­лей­дi.

2.1 «Бас­ты жол». Рет­телмей­тiн қиылыс­тарда ба­сым­ды­лықпен өту құқығы бе­рiл­ген жол­дар.

2.2 «Бас­ты жол­дың аяқта­улы».

2.3.1 «Екiн­шi дәре­желi жол­мен қиылы­су».

2.3.2, 2.3.3 «Екiн­шi дәре­желi жолға жа­насу». 2.3.2 — оң жақтан, 2.3.3.  — сол­дан жа­насу.

2.4 «Жол бе­рiңiз». Жүргi­зушi қиылы­сатын, ал 7.13 таб­личка­сы болған­да бас­ты жол­дың бойымен қозғала­тын көлiк құрал­да­рына жол бе­руi ти­iс.

2.5 «Аял­да­масыз қозғалуға тыйым са­лына­ды». Тоқтау-сы­зығының ал­ды­нан, ол жоқ бол­са — қиылы­сатын жүрiс бөлi­гiнiң ше­тiне жет­пей аял­да­ма жа­самай қозғалуға тыйым са­лына­ды. Жүргi­зушi қиылы­сатын жол бойымен, ал 7.13 таб­личка­сы болғ, ан кез­де — бас­ты жол­мен қозғала­тын көлiк құра­лына жол бе­руi ти­iс.

2.5 бел­гi­сi те­мiр­жол өтпе­сi не­месе ка­ран­тин пос­ты ал­ды­нан қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдай­лар­да жүргi­зушi тоқтау-сы­зығының, ал ол жоқ бол­са — бел­гi­нiң ал­дында аял­да­уы ти­iс.

2.6. «Қара­ма-қар­сы қозғалыс­тың ба­сым­ды­лығы». Егер бұл қара­ма-қар­сы қозғалыс­ты қиын­да­татын бол­са, жол­дың тар учас­ке­сiне шығуға тыйым са­лына­ды. Жүргi­зушi тар учас­ке­дегi не­месе қара­ма-қар­сы оған кi­ру жо­лын­дағы қара­ма қар­сы көлiк құра­лына жол бе­руi ти­iс.

2.7 «Қара­ма-қар­сы қозғалыс ал­дындағы ба­сым­ды­лық». Қара­ма-қар­сы көлiк құра­лына қараған­да оның бойымен жүрген­де жүргi­зушi ба­сым­ды­лықпен пай­да­лана­тын жол­дың тар учас­ке­сi.

3. Тыйым са­латын бел­гi­лер

Тыйым са­латын бел­гi­лер қозғалысқа бел­гi­лi бiр шек­те­улер ен­гi­зедi не­месе олар­ды жо­яды.

3.1 «Кi­руге тыйым са­лына­ды». Осы бағыт­тағы бар­лық көлiк құрал­да­рының кi­ру­iне тыйым са­лына­ды.

3.2. «Қозғалысқа тыйым са­лына­ды». Бар­лық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.3. «Ме­хани­калық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды».

3.4. «Жүк ав­то­мобиль­де­рiнiң қозғалы­сына тыйым са­лына­ды». Жүк ав­то­мобиль­де­рi мен рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са­сы 3,5 т ас­там (егер бел­гi­де мас­са­сы көрсе­тiл­ме­се) не­месе рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са­сы бел­гi­де көрсе­тiл­геннен ар­тық көлiк құрал­да­рының сос­тавта­рының, сон­дай-ақ трак­торлар мен өздi­гiнен жүре­тiн ма­шина­лар­дың қозғалы­сына тый,, ым са­лына­ды. 3.4 бел­гi­сi борт­та­рын­да төмен көлбеу ақ жо­лағы бар не­месе адам­дарды та­суға ар­налған жүк ав­то­мобиль­де­рiнiң қозғалы­сына тыйым сал­май­ды.

3.5 «Мо­тоцикл­дер­дiң қозғалыс, ына тыйым са­лына­ды».

3.6 «Трак­торлар­дың қозғалы­сына тыйым са­лына­ды». Трак­торлар­дың және өздi­гiнен жүре­тiн ма­шина­лар­дың қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 3.7. -тар­мақ жаңа ре­дак­ци­яда (бұр. ред. қара)

3.7 «Тiр­ке­мелi көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды».

3.8 «Көлiк-ар­ба қозғалы­сына тыйым са­лына­ды». Көлiк-ар­ба­ның (ша­наның), адам мiн­ген және жүк ар­тылған мал­дардың қозғалу­ына, сон­дай-ақ мал ай­дауға тыйым са­лына­ды.

3.9. «Ве­лоси­пед­пен қозғалысқа тыйым са­лына­ды». Ве­лоси­пед­тер мен мо­пед­тердiң қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.10 «Жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң қозғалы­сына тыйым са­лына­ды».

3.11. «Мас­са­ны шек­теу». Нақты жал­пы мас­са­лары бел­гi­де көрсе­тiл­геннен ар­тық көлiк құрал­да­ры, оның iшiн­де көлiк құрал­да­ры сос­тавта­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.12 «Ось­ке түсе­тiн жүкте­менi шек­теу». Қан­дай бол­са да ось­ке түсе­тiн нақты жүкте­месi бел­гi­де көрсе­тiл­геннен ар­тық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.13. «Би­iк­тiктi шек­теу». Көлем­дiк би­iк­тi­гi (жүкпен не­месе жүксiз) бел­гi­де көрсе­тiл­геннен ар­тық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.14 «Енiн шек­теу». Көлем­дiк енi (жүкпен не­месе жүксiз) бел­гi­де көрсе­тiл­геннен ар­тық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.15 «Ұзын­дықты шек­теу». Кө,, лем­дiк ұзын­дығы (жүкпен не­месе жүксiз) бел­гi­де көрсе­тiл­геннен ар­тық көлiк құрал­да­рының (көлiк құрал­да­ры сос­та­вының) қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.16 «Ең төмен­гi ара­лықты шек­теу». Олар­дың ара­сын­дағы ара­лық бел­гi­де көрсе­тiл­геннен кем көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.17 «Ке­ден», Ке­ден (бақылау пунк­тi­нiң) жа­нын­да аял­да­масыз өту­ге тыйым са­лына­ды.

3.17.2 «Қауiп­тi­лiк», Жол-көлiк оқиғала­рына, ава­рияға не­месе басқа қауiп­тi­лiк­терге бай­ла­ныс­ты, әрi қарай бар­лық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына ерек­ше­лiк­сiз тыйым са­лына­ды.

3.18.1 «Оңға бұры­луға тыйым са­лына­ды».

3.18.2 «Солға бұры­луға тыйым са­лына­ды».

3.19 «Ке­рi бұры­луға тыйым са­лына­ды».

3.20 «Ба­сып озуға тыйым са­лына­ды». 30 км/сағ жыл­дамдықпен қозғала­тын, же­келе­ген­де­рiнен басқа, бар­лық көлiк құрал­да­рын ба­сып озуға тыйым са­лына­ды.

3.21 «Ба­сып озуға тыйым са­лына­тын ай­мақтың аяқта­луы».

3.22 «Жүк ав­то­мобиль­де­рiне ба­сып озуға тыйым са­лына­ды». Рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са­сы 3,5 т ар­тық жүк ав­то­мобиль­де­рiне 30 км/сағ кем жыл­дамдықпен қозғала­тын, же­келе­ген­де­рiнен басқа бар­лық көлiк құрал­да­рын ба­сып озуға тыйым са­лына­ды. Трак­торларға көлiк-ар­ба және ве­лоси­пед­тен басқа бар­лық көлiк құрал­да­рын ба­сып озуға тыйым са­лына­ды.

3.23 «Жүк ав­то­мобиль­де­рiнiң ба­сып озу­ына тыйым са­лу ай­мағының аяқта­улы».

3.24 «Ең жоғары жыл­дамдық, ты шек­теу». Бел­гi­де көрсе­тiл­геннен ар­тық жыл­дамдықпен (км/сағ) қозғалуға тыйым са­лына­ды.

3.25 «Ең жоғары жыл­дамдықты шек­теу ай­мағының аяқта­луы».

3.26 «Ды­быс­тық сиг­нал бе­руге тыйым са­лына­ды». Сиг­нал жол-көлiк оқиғала­рын бол­дырмау үшiн бе­рiл­геннен басқа жағдай­лар­да ды­быс сиг­на­лына тыйым са­лына­ды.

3.27 «Аял­дауға тыйым са­лына­ды». Көлiк құрал­да­рының аял­да­уына және тұру­ына тыйым са­лына­ды.

3.28 «Тұруға тыйым са­лына­ды». Көлiк құрал­да­рының тұру­ына тыйым са­лына­ды.

3.29 «Ай­дың дақ күнде­рi тұруға тыйым са­лына­ды».

3.30 «Ай­дың жұп күнде­рi тұруға тыйым са­лына­ды». 3.29 және 3.30 бел­гi­лерiн бiр мез­гiлде қол­данған­да көлiк құрал­да­рын бiр жақтан екiн­шi­сiне орын ауыс­ты­ру уақыты — 19-дан 21 сағатқа дейiн.

3.31 «Бар­лық шек­теу ай­мақта­рының аяқта­улы». Бiр мез­гiлде 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 — 3.30 бел­гi­лерi­нiң бiр мез­гiлде бiр­не­ше­уiн қол­да­ну ай­мағының аяқта­луы.

3.32 «Көлiк құрал­да­рының қауiп­тi жүкпен қозғалу­ына тыйым са­лына­ды». «Қауiп­тi жүк» айырым бел­гi­сiмен жаб­дықталған көлiк құрал­да­рының қозғалу­ына тыйым са­лына­ды.

3.33 «Көлiк құрал­да­рының жа­рылғыш және оңай тұта­натын жүктер­мен қозғалу­ына тыйым са­лына­ды». «Қауiп­тi жүк» айырым бел­гi­сiмен жаб­дықталған және 19433–88 ГОСТ-ы бойын­ша, 1.2.2–2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сы­нып­та­рының қауiп­тi жүкте­рiн та­сымал­дауға ар­налған көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

3.2–3.9, 3.32 және 3.33 бел­гi­лерi ти­iс­тi көлiк құрал­да­ры түрле­рiнiң екi бағытқа қозғалу­ына тыйым са­лады.

Мы­на бел­гi­лер­дiң күшi қол­дан, ыл­май­ды:

3.1–3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 — марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына;

3.2–3.8 — бел­гi­лен­ген ай­мақт, а ор­на­ласқан кәсi­порын­дарға қыз­мет ете­дi, сон­дай-ақ бел­гi­лен­ген ай­мақта тұра­тын не­месе жұмыс iс­тей­тiн аза­мат­тарға қыз­мет көрсе­тедi не­месе со­лар­дың мен­шi­гi. Мұндай жағдай­лар­да көлiк құрал­да­ры бел­гi­лен­ген ай­маққа бел­гi­лен­ген жер­ге жақын қиылыс­тан кi­руi не­месе со­дан шығуы ке­рек;

3.28–3.30 — так­со­мет­рi iс­ке қосы­лу так­си­ге;

3.2, 3.3, 3.28–3.30 — I және II топ­тағы мүге­дек­тер басқара­тын не­месе осын­дай мүге­дек­тердi та­сымал­дай­тын көлiк құрал­да­рына.

3.18.1, 3.18.2 бел­гi­лерi­нiң күшi жүрiс бөлi­гiнiң ал­ды­на бел­гi қойылған қиылы­сына қол­да­ныла­ды.

3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26–3.30 бел­гi­лерi қол­да­ныла­тын ай­мақтар бел­гi қойылған жер­ден бас­тап жақын жер­де­гi қиылысқа дейiн, ал ел­дi ме­кен­дерде қиылыс жоқ бол­са — ел­дi ме­кен аяқталғанға дейiн қол­да­ныла­ды. Жолға жа­насып жатқан аумақтан шығатын жер­де бел­гi­лер­дiң күшi сақта­лады.

5.22 бел­гi­сiмен бел­гi­лен­ген ел­дi ме­кен­нiң ал­ды­на қойылған 3.24 бел­гi­сiнiң күшi осы бел­гi­ге дейiн қол­да­ныла­ды.

Бел­гi­лер­дiң күшi қол­да­ныла­тын ай­мақ мы­надай жағдай­лар­да кi­шiре­уi мүмкiн:

7.2.1 таб­личка­сын қол­да­нумен 3.16 және 3.26 бел­гi­лерi үшiн;

3.20, 3.22, 3.24 бел­гi­лерi үшiн ай­мақтың соңына қойылған­да не­месе 7.2.1 таб­личка­сын қол­да­нумен олар­дың күшi 3.21, 3.23, 3.25 бел­гi­лерi­не сәй­кес ке­ледi. 3.24 бел­гi­сiнiң қол­да­нылу ай­мағы 3.24 бел­гi­сiн қозғалыс­тың ең жоғары жыл­дамдығының басқа мәнi­мен кi­шiре­юi мүмкiн;

3.27–3.30 бел­гi­лерi үшiн 7.2.3. таб­личка­сымен 3.27–3.30 қай­та­лама бел­гi­лерi­нiң не­месе 7.2.2. таб­личка­сын қол­да­нумен олар­дың күшi жүре­тiн ай­мақтың соңын­да қойылған­да;

3.27 бел­гi­сi 1.4 таңба­сымен бiр­ге қол­да­нылуы мүмкiн, ал 3.28 бел­гi­сi — 1.10 таңба­ла­уымен, мұндай­да бел­гi­лер­дiң қол­да­нылу ай­мағы таңба­лау сы­зығының ұзын­дығымен айқын­да­лады.

3.10, 3.27 — 3.30 бел­гi­лерi­нiң күшi жол­дың олар қойылған жағына ғана қол­да­ныла­ды.

4. Ал­дын ала жа­зыла­тын бел­гi­лер

4.1.1 «Тi­ке қозғалыс», 4.1.2 «Оңға қозғалыс», 4.1.3 «Солға қозғалыс», 4.1.4 «Тi­ке не­месе оңға қозғалыс», 4.1.5 «Тi­ке не­месе солға қозғалыс», 4.1.6 «Оңға және солға қозғалыс». Бел­гi­лер­де бағыт­та­уыш­тармен көрсе­тiл­ген бағыт­тарда ғана қозғалуға рұқсат етi­ледi. Солға бұры­луға рұқсат ете­тiн бел­гi­лер ке­рi бұры­луға да рұқсат бе­редi (4.1.1 — 4.1.6 бел­гi­лерi нақты ке­сiп өту­лер­де қозғалыс­тың ти­iс­тi та­лап етi­летiн бағыты­на бағыт­та­ушы кес­кiндер­дiң үй­ле­сiмi­мен қол­да­нылуы мүмкiн).

4.1.1–4.1.6 бел­гi­лерi­нiң күшi марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына қол­да­ныл­май­ды.

4.1.1–4.1.6 бел­гi­лерi­нiң күшi жүрiс бөлi­гiнiң ал­ды­на бел­гi қойылған өтпе­лер­ге қол­да­ныл­май­ды.

Жол учас­ке­сiнiң бас­та­лысын­да қойылған 4.1.1 бел­гi­лерi­нiң күшi жақын жер­де­гi қиылысқа дейiн қол­да­ныла­ды. Бел­гi жолға жа­насып жатқан аумаққа оңға бұры­луға тыйым сал­май­ды.

4.2.1 «Ке­дер­гi­нi оң жағынан ай­на­лып өту», 4.2.2 «Ке­дер­гi­нi сол жағынан ай­на­лып өту». Бағыт­та­уыш­пен көрсе­тiл­ген жағынан ғана ай­на­лып өту­ге рұқсат етi­ледi.

4.2.3 «Ке­дер­гi­нi оң не­месе сол жағынан ай­на­лып өту». Кез кел­ген жақтан ай­на­лып өту­ге рұқсат етi­ледi.

4.3 «Ай­нал­ма қозғалыс». Бағыт­та­уыш­тармен көрсе­тiл­ген бағыт­та қозғалуға рұқсат етi­ледi.

4.4. «Жеңiл ав­то­мобиль­дер қозғалы­сы». Жеңiл ав­то­мобиль­дер, ав­то­бус­тар, мо­тоцикл­дер, марш­рут­тық көлiк құрал­да­ры мен рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са­сы 3.5 т ас­пай­тын жүк ав­то­мобиль­де­рiнiң қозғалы­сына рұқсат етi­ледi.

Бел­гi бел­гi­лен­ген ай­мақта ор­на­ласқан кәсi­порын­дарға қыз­мет көрсе­тетiн, сон­дай-ақ бел­гi­лен­ген ай­мақта тұра­тын не­месе жұмыс iс­тей­тiн аза­мат­тарға қыз­мет көрсе­тетiн не­месе олар­дың мен­шi­гiн­де­гi басқа көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына да рұқсат бе­редi.

4.5. «Ве­лоси­пед жо­лы». Ве­лоси­пед­пен және мо­пед­пен ғана қозғалуға рұқсат етi­ледi. Ве­лоси­пед жо­лымен сон­дай-ақ жа­яу жүргiн­шi­лер де қозғала ала­ды (тро­ту­ар, жа­яу жүргiн­шi жо­лы не­месе жол жағала­уы бол­маған­да).

4.6 «Жа­яу жүргiн­шi­лер жо­лы». Тек қана жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң қозғалу­ына рұқсат етi­ледi.

4.7 «Ең төмен­гi қозғалыс­ты шек­теу». Тек қана көрсе­тiл­ген не­месе көбi­рек жыл­дамдықпен (км/сағ) қозғалуға рұқсат етi­ледi.

4.8. «Ең төмен­гi жыл­дамдықты шек­теу ай­мағының соңы».

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 4.9. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4.9. «Қауiп­тi жүгi бар көлiк құрал­да­ры қозғалы­сының бағыты». «Қауiп­тi жүк» де­ген айырым бел­гi­мен жаб­дықталған көлiк құра­лына 4.9.1 — оңға, 4.9.2 — солға, 4.9.3 — тi­ке бел­гi­лерiн­де көрсе­тiл­ген бағыт­тарда қозғалуға рұқсат етi­ледi.

5. Ақпа­рат­тық-көрсет­кiштiк бел­гi­лер

Ақпа­рат­тық-көрсет­кiштiк бел­гi­лер қозғалыс­тың бел­гi­лi бiр ре­жим­де­рiн ен­гi­зедi не­месе күшiн жо­яды, сон­дай-ақ ел­дi ме­кен­дер мен басқа да объек­тi­лер­дiң ор­на­ласуы ту­ралы ха­бар­лай­ды.

5.1. «Ав­то­ар­на». Ере­желер­дiң та­лап­та­ры қол­да­ныла­тын, ав­то­ар­на­лар бойын­ша қозғалыс­тың тәртiп­те­рiн бел­гi­лей­тiн жол.

5.2. «Ав­то­ар­на­ның аяқта­луы».

5.3. «Ав­то­мобиль­дер­ге ар­налған жол». Ав­то­мобиль­дер мен мо­тоцикл­дер­дiң ғана қозғалы­сына ғана ар­налған жол.

5.4. «Ав­то­мобиль­дер­ге ар­налған жол­дың аяқта­луы».

5.5. «Бiр­жақты қозғалыс­тағы жол». Көлiк құрал­да­рының қозғалы­сы бүкiл енi бойын­ша бiр­жақты бағыт­та жүзе­ге асы­рыла­тын жол не­месе жүргiн бөлiк.

5.6. «Бiр­жақты қозғалыс­тағы жол­дың аяқта­луы».

5.7.1., 5.7.2. «Жолға бiр­жақты қозғалыс­пен шығу». Жолға не­месе жүргiн бөлiк­ке бiр­жақты қозғалыс­пен шығу.

5.8.1. «Қозғалыс­тың жол жо­лақта­ры бойын­ша бағыт­ты». Жол Жо­лақта­рының са­ны және қозғалыс­тың оның әрбi­рiне рұқсат етiл­ген бағыт­та­ры.

5.8.2. «Қозғалыс­тың жол жо­лақта­ры бойын­ша бағыт­та­ры». Қозғалыс­тың жол жо­лақта­ры бойын­ша рұқсат етiл­ген бағыт­та­ры.

Шет­кi сол жол жо­лағынан сол жаққа бұры­луға рұқсат ете­тiн 5.8.1. және 5.8.2. бел­гi­лерi осы жол жо­лағынан ай­на­лыс жа­сауға да рұқсат ете­дi.

Қиылыс­тың ал­дында ор­на­ты, лған 5.8.1. және 5.8.2. бел­гi­лерi, егер он­да ор­на­тылған басқа 5.8.1. және 5.8.2. бел­гi­лерi өзге нұсқаулар бер­мей­тiн бол­са бүкiл қиылысқа қол­да­ныла­ды.

5.8.3. «Жол жо­лағының бас­та­луы». Көте­рiлу­де қосым­ша жол жо­лағының не­месе те­жеу жол жо­лағының бас­та­луы.

Егер қосым­ша жол жо­лағының ал­дында «Ең төмен­гi жыл­дамдықты шек­теу» де­ген 4.7. бел­гi­сi бей­не­лен­ген бол­са, он­да қозғалыс­та көрсе­тiл­ген не­гiз­гi жол жо­лағы бойын­ша не­месе жоғары жыл­дамдықты жалғас­ты­ра ал­май­тын көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi қосым­ша жол жо­лағына қай­та шығуы ти­iс.

5.8.4. «Жол жо­лағының бас­та­луы». Осы бағыт­тағы қозғалысқа ар­налған үш жол жо­лақты жол­дың ор­та жол жо­лағы учас­ке­сiнiң бас­та­луы.

5.8.5. «Жол жо­лағының аяқта­луы». Көте­рiлу­дегi қосым­ша жол жо­лағының не­месе ек­пiндеп ай­да­удың аяқта­луы.

5.8.6. «Жол жо­лағының аяқта­луы». Осы бағыт­тағы қозғалысқа ар­налған үш жол жо­лақты жол­дың ор­та жол жо­лағы учас­ке­сiнiң аяқта­луы.

5.8.7, 5.8.8. «Қозғалыс­тың жол жо­лақта­ры бойын­ша бағыты».

Егер 5.8.7. бел­гi­сiн­де қан­дай да бол­ма­сын көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына тыйым са­латын бел­гi бей­не­лен­ген бол­са, он­да осы көлiк құрал­да­рының ти­iс­тi жол жо­лағы бойын­ша қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

5.8.7. және 5.8.8. бел­гi­лерi көрсет­кiштер­дiң ти­iс­тi са­нымен жол­дарда төрт жол жо­лағымен және одан да көп қол­да­ныла ала­ды.

5.8.7. және 5.8.8. ауысым­дық, бей­не­лену­iнiң көме­гiмен ре­вер­сивтiк қозғалыс ұйым­дасты­рылуы мүмкiн.

5.9. «Марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына ар­налған жол жо­лағы». Көлiк құрал­да­рының жал­пы ле­гiмен жо­лай қозғала­тын тек марш­рут­тық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына ғана ар­налған жол жо­лағы.

Бел­гi өзi қойылған жол жо­лағына қол­да­ныла­ды. Жол­дың оң жағына ор­на­тылған бел­гi оң жол жо­лағына қол­да­ныла­ды.

5.10.1. «Марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына ар­налған жол жо­лағын­дағы жол». Марш­рут­тық көлiк құрал­да­рының қозғалы­сы көлiк құрал­да­рының жал­пы ле­гiне қар­сы ар­найы бөлiн­ген жол жо­лағын­да жүзе­ге асы­рыла­тын жол.

5.10.2, 5.10.3. «Марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына ар­налған жол жо­лағын­дағы жолға шығу».

5.10.4. «Марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына ар­налған жол жо­лағын­дағы жол­дың аяқта­луы».

5.11.1. «Ай­на­лыс жа­сауға ар­налған орын». Солға бұры­луға тыйым са­лына­ды.

5.11.2. «Ай­на­лыс жа­сауға ар­налған бел­деу». Ай­на­лыс жа­сауға ар­налған бел­де­удiң ұзын­дығы. Солға бұры­луға тыйым са­лына­ды.

5.12. «Ав­то­бус пен (не­месе) трол­лей­бус­тың аял­дау ор­ны».

5.13. «Трам­вай­дың аял­дау ор­ны».

5.14. «Жеңiл так­си­лер­дiң тұрақ ор­ны».

5.15. «Тұрақ ор­ны».

5.16.1, 5.16.2. «Жа­яу өтпе».

Өтпе­де 1.14.1. -1.14.3. таңба­лары бол­маған кез­де 5.16.2. бел­гi­сi жол­дың оң жағына өту­дiң жақын ше­кара­сына, ал 5.16.1.  — жол­дың сол жағына өту­дiң ше­гiне ор­на­тыла­ды.

5.17.1, 5.17.2. «Жер ас­ты жая,, у өтпе­сi».

5.17.3, 5.17.4. «Жер үстi жа­яу өтпе­сi».

5.18. «Ұсы­ныла­тын жыл­дамдық». Жол­дың осы учас­ке­сiн­де­гi ұсы­ныла­тын қозғалыс­тың жыл­дамдығы. Бел­гi­нiң қол­да­нылу бел­де­уi жақын маңай­дағы қиылысқа дейiн, ес­керту­шi бел­гi­мен бiр­ле­сiп 5.8. бел­гi­сi қол­да­нылу ке­зiн­де қауiп­тi учас­ке­нiң ұзын­дығымен айқын­да­лады.

5.19.1.  — 5.19.3. «Тұйық». Ту­ра жол жүру жоқ жол.

5.20.1. «Бағыт­тардың ал­дын ала көрсет­кi­шi», 5.20.2. «Бағыт­тардың ал­дын ала көрсет­кi­шi». Бел­гi­де бел­гi­лен­ген ел­дi ме­кен­дер мен басқа да объек­тi­лер­ге қарай қозғалыс­тың бағыт­та­ры. Бел­гi­лер­ге 5.29.1. бел­гi­сiнiң бей­не­сi, ав­то­ар­на­лар­дың, әуежай­дың, спорт­тық рәмiз­дер мен өзге де пикт­рог­рамма­лар ен­гi­зiлуi мүмкiн. 5.20.1. бел­гi­сiне қозғалыс­тың ерек­ше­лiк­те­рi ту­ралы ха­бар­лай­тын басқа бел­гi­лер­дiң бей­не­лерi ен­гi­зiлуi мүмкiн. 5.20.1. бел­гi­сiнiң төмен­гi бөлi­гiн­де бел­гi­нi ор­на­ту ор­ны­нан бас­тап қиылысқа не­месе те­жеу жол жо­лағының бас­та­лу­ына дейiн­гi ара қашықтық көрсе­тiле­дi.

5.20.1. бел­гi­сi, сон­дай-ақ 3.11–3.15 тыйым са­лу бел­гi­лерi­нiң бi­рi ор­на­тылған жол­дардың учас­ке­лерiн ай­на­лып өту­дi нұсқау үшiн де қол­да­ныла­ды.

5.20.3. «Қозғалыс схе­масы». Же­келе­ген ма­невр­лер қиылы­сын­дағы тыйым са­лу ке­зiн­де­гi қозғалыс марш­ру­ты не­месе қозғалыс­тың күрде­лi қиылы­сын­дағы рұқсат етiл­ген бағыт­та­ры.

5.21.1. «Бағыт көрсет­кiш», 5.21.2. «Бағыт­тар көрсет­кi­шi». Қозғалыс­тың марш­рут бағыт­та­рына қарай бағыт­та­ры. Бел­гi­лер­ге он­дағы бел­гi­лен­ген объек­тi­лер­ге дейiн­гi арақашықтық (км) көрсе­тiлуi, ав­то­ар­на­лар, әуежай, спорт­тық рәмiз­дер мен,, өзге де пик­тограм­ма­лар ен­гi­зiлуi мүмкiн.

5.22. «Ел­дi ме­кен­нiң бас­та­луы». Ел­дi ме­кен­дерде қозғалыс­тың тәртi­бiн бел­гi­лей­тiн Ере­желер­дiң та­лап­та­ры қол­да­ныла­тын ел­дi ме­кен­нiң ата­уы және бас­та­луы.

5.23. «Ел­дi ме­кен­нiң аяқта­луы». Ел­дi ме­кен­дерде қозғалыс­тың тәртi­бiн бел­гi­лей­тiн Ере­желер та­лап­та­рының күшi жоғала­тын осы жол­дағы орын.

5.24. «Ел­дi ме­кен­нiң бас­та­луы». Ел­дi ме­кен­дерде қозғалыс­тың тәртi­бiн бел­гi­лей­тiн осы жол­да Ере­желер­дiң та­лап­та­ры қол­да­ныл­май­тын ел­дi ме­кен­нiң ата­уы және бас­та­луы.

5.25. «Ел­дi ме­кен­нiң аяқта­луы». 5.24. бел­гi­сiмен таңба­ланған ел­дi ме­кен­нiң аяқта­луы.

5.26. «Объек­тi­нiң ата­уы». Ел­дi ме­кен­ге қараған­да өзге объек­тi­нiң ата­уы (өзен, көл, асу, на­зар ауда­рар­лық орын­дар және соған ұқсас­тар).

5.27. «Арақашықтықтар­дың көрсет­кi­шi». Марш­рут­та ор­на­ласқан ел­дi ме­кен­дерге дейiн­гi арақашықтық (км).

5.28. «Ки­лометр­лiк бел­гi». Жол­дың ба­сына не­месе аяғына дейiн­гi ара қашықтық (км).

5.29.1, 5.29.2. «Марш­рут­тың нөмi­рi». 5.29.1- жолға (марш­рутқа) бе­рiл­ген нөмiр; 5.29.2.  — жол­дың (марш­рут­тың) нөмi­рi мен бағыты.

5.30.1. -5.30.3. «Жүк ав­то­мобиль­де­рiне ар­налған қозғалыс­тың бағыты». Жүк ав­то­мобиль­де­рiне, трак­торлар мен өзi жүре­тiн ма­шина­ларға ар­налған, егер олар­дың қозғалы­сының бағыт­та­рының бi­рiне қиылыс­та қозғалу­ына тыйым са­лынған бол­са, қозғалыс­тың ұсы­ныла­тын бағыты.

5.31. «Ай­на­лып өту схе­масы». Қозғалыс үшiн уақыт­ша жа­былған жол учас­ке­сiн ай­на­лып өту марш­ру­ты.

5.32.1–5.32.3. «Ай­на­лып өту, бағыты». Қозғалыс үшiн уақыт­ша жа­былған жол учас­ке­сiнiң бағыты.

5.33. «Тоқтау сы­зығы». Көлiк құрал­да­рының бағдар­шамның (рет­те­ушi­нiң) тыйым салған бел­гi­сi ке­зiн­де­гi аял­дау ор­ны.

5.34.1, 5.34.2. «Басқа жүргiн бөлiк­ке түсу­дiң ал­дын ала көрсет­кi­шi». Бөлек­те­ушi жол жо­лағы бар жол­да жүргiн бөлiк­тiң учас­ке­сiн қозғалыс үшiн жа­былған учас­ке­сiн ай­на­лып өту­дiң бағыты не­месе оң жақтағы жүргiн бөлiк­ке ора­луға ар­налған қозғалыс­тың бағыты.

5.35. «Ре­вер­сивтi қозғалыс». Қозғалыс­тың бағыты бiр не­месе бiр­не­ше жол жо­лақта­рын­да қара­ма-қар­сыға өзге­руi мүмкiн жол учас­ке­сiнiң бас­та­луы.

5.36. «Ре­вер­сивтi қозғалыс­тың аяқта­луы».

5.37. «Ре­вер­сивтi қозғалыс­ты жолға шығу».

5.38. «Тұрғын ай­мақ». Тұрғын ай­мақтағы қозғалыс­тың тәртi­бiн бел­гi­лей­тiн Ере­желер­дiң та­лап­та­ры қол­да­ныла­тын аумақ.

5.39. «Тұрғын ай­мақтың аяқта­луы».

Ел­дi ме­кен­нен тысқары ор­на­тылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 бел­гi­лерiн­де­гi жа­сып не­месе көк рең көрсе­тiл­ген ел­дi пунк­тке не­месе объек­тi­ге қозғалыс­тың ти­iсiн­ше ав­то­ар­на не­месе басқа жол бойын­ша жүзе­ге асы­рыла­тын­дығын бiл­дi­редi. Ел­дi ме­кен­де ор­на­тылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 бел­гi­лерiн­де­гi жа­сыл не­месе көк рең қозғалыс­тың көрсе­тiл­ген ел­дi ме­кен­ге не­месе объек­тi­ге осы ел­дi ме­кен­нен өткен соң ти­iсiн­ше ав­то­ар­на­лар не­месе басқа жол бойын­ша жүзе­ге асы­рыла­тын­дығын бiл­дi­редi; ақ рең көрсе­тiл­ген объек­тi­нiң осы ел­дi ме­кен­де екен­дi­гiн бiл­дi­редi.,

6. Сер­вис бел­гi­лерi,

Сер­вис бел­гi­лерi ти­iс­тi объек­тi­лер­дiң ор­на­ласуы ту­ралы ха­бар­дар ете­дi.

6.1. «Алғашқы ме­дици­налық көмек пунк­тi».

6.2. «Ауру­хана».

6.3. «Ав­то­май құю стан­ци­ясы».

6.4. «Ав­то­мобиль­дер­ге тех­ни­калық қыз­мет көрсе­ту».

6.5. «Ав­то­мобиль­дер­дi жуу».

6.6. «Те­лефон».

6.7. «Та­мақта­ну пунк­тi».

6.8. «Ауыз су».

6.9. «Қонақ үй не­месе мо­тель».

6.10. «Кем­пинг».

6.11. «Де­малыс ор­ны».

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 6.12. -тар­мақ жаңа ре­дак­ци­яда (бұр. ред. қара)

6.12 «Жол по­лици­ясы бе­кетi».

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 6.13. -тар­мақпен то­лықты­рыл­ды

6.13 «Көлiк­тiк бақылау бе­кетi».

7. Қосым­ша ақпа­рат бел­гi­лерi (таб­личка­лар)

Қосым­ша ақпа­рат бел­гi­лерi (таб­личка­лар) өзде­рi қол­да­ныла­тын бел­гi­лер­дi нақты­лай­ды не­месе шет­тей­дi.

7.1.1. «Объек­тi­ге дейiн­гi арақашықтық». Бел­гi­ден қауiп­тi учас­ке­нiң, ти­iс­тi шек­теу ен­гi­зу ор­ны­ның не­месе жол­дың үстiн­де ал­дағы бел­гi­лi бiр объек­тi­нiң (ор­ны­ның) бас­та­лу­ына дейiн­гi арақашықтықты көрсе­тедi.

7.1.2. «Объек­тi­ге дейiн­гi арақашықтық». 2.4. бел­гi­сiнен қиылыс­тың тi­келей ал­дында 2.5. бел­гi­сi ор­на­тылған жағдай­дағы қиылысқа дейiн­гi арақашықтықты көрсе­тедi.

7.1.3., 7.1.4. «Объек­тi­ге дейiн­гi арақашықтық». Жол­дан тысқары­дағы объек­тi­ге дейiн­гi ара қашықтықты көрсе­тедi.

7.2.1. «Қол­да­нылу бел­де­уi». Бел­гi­лер­мен таңба­ланған жол­дың қауiп­тi учас­ке­сiнiң ұзын­дығын, не­месе тыйым са­лына­тын iс-әре­кет бел­де­уiн және ақпа­рат­тық-көрсет­кiштiк бел­гi­лер­дi көрсе­тедi.

7.2.2. -7.2.6. «қол­да­нылу бел­де­уi». 7.2.2. 3.27–3.30. тыйым са­лушы бел­гi­лер­дiң қол­да­нылу бел­де­уiн көрсе­тедi; 7.2.3. 3.27–3.30 бел­гi­лерi­нiң қол­да­нылу бел­де­уiнiң аяқталғанын көрсе­тедi; 7.2.4. жүргi­зушi­лер­дi олар­дың қол­да­нылу бел­де­уiн­де 3.27–3.30 бел­гi­лерi­нiң бар екен­дi­гi ту­ралы ха­бар­ланды­рады; 7.2.5, 7.2.6. алаңының, ғима­рат фа­сады­ның және соған ұқсас­тардың бiр жағының бойын­да аял­дауға не­месе тұруға тыйым са­лу ке­зiн­де­гi 3.27–3.30. бел­гi­лерi­нiң бағытын және қол­да­нылу бел­де­уiн көрсе­тедi.

7.3.1. -7.3.3. «Қол­да­нылу бағыт­та­ры». Қиылыс­тың ал­дында ор­на­тылған бел­гi­лер­дiң қол­да­нылу бағытын, не­месе жол­дағы тi­келей тұрған таңба­ланған объек­тi­лер­ге қозғалыс­тың бағытын көрсе­тедi.

7.4.1. -7.4.8. «Көлiк құра­лының түрi». Бел­гi­нiң қол­да­нылуы жүре­тiн көлiк құра­лының түрiн көрсе­тедi.

7.4.1. таб­личка­сы жүк ав­то­мобиль­де­рiне ар­налған бел­гi­ге, ал 7.4.2. таб­личка­сы оның iшiн­де және тiр­ке­мелi­сiне, 3,5 т ас­там сал­мағы бар­ларға рұқсат етiл­гендер­ге, 7.4.3. таб­личка­сы — жеңiл ав­то­мобиль­дер­ге, сон­дай-ақ 3,5 т дейiн сал­мағы бар рұқсат етiл­ген жүк ав­то­мобиль­де­рiне, 7.4.8. таб­личка­сы — «Қауiп­тi жүк» де­ген айырым бел­гi­лерi­мен жаб­дықталған көлiк құрал­да­рына қол­да­ныла­ды.

7.5.1. «Сен­бi, жек­сенбi және ме­реке күнде­рi», 7.5.2. «Жұмыс күнде­рi», 7.5.3. «Ап­та күнде­рi». Бел­гi қол­да­ныла­тын ап­та­ның күнде­рiн көрсе­тедi.

7.5.4. «Қол­да­нылу уақыты». Бел­гi қол­да­ныла­тын тәулiк­тiң уақытын көрсе­тедi.

7.5.5. -7.5.7. «Қол­да­нылу уақыты». Бел­гi қол­да­ныла­тын ап­та­ның күнде­рi мен тәулiк­тiң уақытын көрсе­тедi.

7.6.1. -7.6.9. «Көлiк құра­лын тұраққа қоюдың тәсi­лi». 7.6.1. бар­лық көлiк құрал­да­рын жүргiн бөлiк­тiң бойын­да тро­ту­арға қойылуы ти­iс екен­дi­гiн көрсе­тедi; 7.6.2. -7.6.9. жеңiл ав­то­мобиль­дер мен мо­тоцикл­дер­дi тро­ту­ар маңын­дағы тұраққа қоюдың тәсi­лiн көрсе­тедi. 5.15. бел­гi­сiмен қол­да­ныла­ды. 7.7. «Жұмыс iс­те­мей­тiн дви­гате­лi бар­ларға ар­налған тұрақ». 5.15. бел­гi­сiмен таңба­ланған тұраққа тек дви­гате­лi жұмыс iс­те­мей­тiн көлiк құрал­да­рын тұраққа рұқсат ете­тiн­дi­гiн көрсе­тедi.

7.8. «Ақылы қыз­мет көрсе­тулер». Қыз­мет тек қана ақыға ғана көрсе­тiле­тiн­дi­гiн көрсе­тедi.

7.9. «Тұраққа қоюдың уақыт ұзақтығын шек­теу». Көлiк құра­лының 5.15. бел­гi­сiмен таңба­ланған тұрақта бо­лу­ының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсе­тедi.

7.10. «Ав­то­мобиль­дер­дi қарауға ар­налған орын». 5.15. не­месе 6.11. бел­гi­сiмен таңба­ланған алаңша­да эс­та­када не­месе қарау шұңқыры бар екен­дi­гiн көрсе­тедi.

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 7.11. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7.11. То­лық мас­са­ны шек­теу. Бел­гi­нiң таб­личка­да көрсе­тiл­ген рұқсат етiл­ген жоғары мас­са­дан ас­там көлiк құрал­да­рына ғана қол­да­ныла­тын­дығын көрсе­тедi.

7.12. «Қауiп­тi жи­ек». Жи­ек­ке жүру­дiң он­да жөндеу жұмыс­та­ры жүргi­зiлу­iне бай­ла­ныс­ты қауiп­тi екен­дi­гiн ес­керте­дi. 1.23. бел­гi­сiмен қол­да­ныла­ды.

7.13. «Бас­ты жол­дың бағыты». Қиылыс­тағы бас­ты жол­дың бағытын көрсе­тедi.

7.14. «Қозғалыс жол жо­лағы». Бөлi­гiнiң не­месе бағдар­шамның қол­да­ныла­тын жол­дың қозғалы­сының жол жо­лағын көрсе­тедi.

7.15. «Зағип жа­яу жүру­шiлер». Жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң өтпе­сiн зағип­тардың пай­да­лана­тын­дығын көрсе­тедi. 1.20, 5.16.1, 5.16.2. бел­гi­лерi­мен және бағдар­шаммен қол­да­нады.

7.16. «Ылғал­ды жа­бын». Бел­гi­нiң жүргiн бөлiк­тiң жа­быны ылғал уақыт ке­зеңiн­де қол­да­ныла­тын­дығын көрсе­тедi.

7.17. «Мүге­дек­тер». 5.15. бел­гi­сiнiң «Мүге­дек» де­ген айырым бел­гi­лерi ор­на­тылған мо­тобе­сiк­тер мен ав­то­мобиль­дер­ге ғана қол­да­ныла­тын­дығын көрсе­тедi.

7.18. «Мүге­дек­терден басқа». Бел­гi­лер­дiң «Мүге­дек» айырым бел­гi­лерi ор­на­тылған мо­тобе­сiк­тер мен ав­то­мобиль­дер­ге қол­да­ныл­май­тын­дығын көрсе­тедi.

7.19. «Қауiп­тi жүк сы­ныбы». 19433–88 ГОСТ бойын­ша қауiп­тi жүктер­дiң сы­нып (сы­нып­та­рының) нөмi­рiн көрсе­тедi. 3.32., 4.9.1–4.9.3. бел­гi­лерi­мен қол­да­ныла­ды.

Таб­личка­лар олар қол­да­ныла­тын бел­гi­нiң тi­келей ас­тында ор­на­лас­ты­рыла­ды. 7.2.2. -7.2.4., 7.13. таб­личка­лары жүргiн бөлiк­тiң, жи­ек­тiң не­месе тро­ту­ар­дың үстiн­де­гi бел­гi­лер­дiң жа­нын­да ор­на­ласуы ке­зiн­де бел­гi­нiң бүйiрi­не ор­на­лас­ты­рыла­ды.

Уақыт­ша жол бел­гi­лерi (көшi­рiле­тiн баған­дағы) және ста­ци­онар­лық бел­гi­лер­дiң мәнде­рi бiр-бi­рiне қай­шы кел­ген жағдай­да, жүргi­зушi­лер уақыт­ша бел­гi­лер­дi бас­шы­лыққа алуы ти­iс.

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 ма­мыр­дағы № 420 Қаулы­сымен 2- қосым­ша­ның тақыры­бы жаңа ре­дак­ци­яда (бұр. ред. қара)

 

Өзекті сұхбат

Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу.
Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу.
- Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз. Ақыр соңында былтырғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті күшейту туралы заң қолданысқа енгізілді. Содан бері жыл өтті, жол қауіпсіздігіне қатысты нақты қандай нәтижелерді айта аласыз?
толығырақ »
Сенім телефондары

Акциялар

БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРІН БІРГЕ ҚАУІПСІЗ ЖАСАЙЫҚ!
Жол полициясы комитеті «Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынының бәрінен жақсы сценариына конкурс жариялайды. Жыл сайын республикада жол-көлік оқиғаларында 180-нен артық балалар қаза табады және тағы 2 мыңға жуық - түрлі ауырлық дәрежелі жарақаттар алады. Жол полициясы осындай қайғылы оқиғаларды болдырмауға қатар шараларды қабылдайды, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің Жол қозғалыс ережелерін білу және сақтауға насихаттау жолы.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: