Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2010 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында 28 ЖКО тіркелді, онда 5 адам қаза тапты және 30 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Астана, Алматы және Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады Сізге мұнда Алматы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады Сізге мұнда Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 
9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы

9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы

9.1. Рель­ссiз көлiк құрал­да­рына ар­налған қозғалыс жол жо­лақта­рының са­ны таңба­лар­мен не­месе 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 бел­гi­лерi­мен, ал олар бол­маған кез­де жүрiс бөлi­гiнiң енiн, көлiк құрал­да­рының көле­мiн және олар­дың ара­сын­дағы ара­лықты ес­ке­ре оты­рып жүргi­зушi­лер­дiң өзде­рi айқын­дай­ды. Егер жол қозғалы­сы ұйымы өзге­ше қозғалыс тәртi­бiн бел­гi­леме­ген бол­са, жүрiс бөлi­гiнiң (не жүрiс бөлi­гiнiң ше­тiн айқын­дай мүмкiн бол­маған­да, жол по­лот­но­сының) қара­ма-қар­сы қозғалысқа ар­налған жағы сол жақта ор­на­ласқан жар­ты­сы бо­лып та­была­ды. Қара­ма-қар­сы қозғалысқа ар­налған жақтар­ды бөле­тiн шарт­ты сы­зықты айқын­дау ке­зiн­де жүрiс бөлi­гiнiң (жол по­лот­но­сының) бiр же­рiн­де енi­нiң кеңеюi на­зарға алы­нуға ти­iс емес.

9.2. Төрт не­месе одан да көп жол жо­лағы бар екi жақты қозғалыс­ты жол­дарда, қара­ма-қар­сы қозғалысқа ар­налған жағына шығуға тыйым са­лына­ды.

9.3. Екi жақты қозғалысқа ар­налған, ор­таңғысы екi бағыт­тағы қозғалысқа пай­да­ланы­латын таңба­лар­мен бел­гi­лен­ген (1.9 таңба­сын қос­паған­да), үш жол жо­лағы бар жол­дарда осы жол жо­лағын­да ба­сып озуға, ай­на­лып өту­ге, солға бұры­луға не­месе ке­рi бұры­лу үшiн шығуға рұқсат етi­ледi. Қара­ма-қар­сы қозғалысқа ар­налған сол жоқ шет­кi жол жо­лағына шығуға тыйым са­лына­ды.

9.4. Ел­дi ме­кен­нен тыс, сон­дай-ақ ел­дi ме­кен­дерде 5.1. және 5.3. бел­гi­лерi­мен бел­гi­лен­ген жол­дарда не­месе 80 км/сағ. және одан жоғары жыл­дамдықпен қозғалуға рұқсат етiл­ген жер­лерде көлiк құра­лының жүргi­зушi­лерi мүмкiн­дi­гiне қарай олар­ды жүрiс бөлi­гiнiң оң жақ ше­тiне жақын жүргi­зуi ти­iс. Оң жақ бос болған кез­де сол жақты алуға тыйым са­лына­ды.

Ел­дi ме­кен­дерде осы тар­мақтың және Ере­женiң 9.5, 16.1 және 24.2.-тар­мақта­рын ес­ке­ре оты­рып, кез кел­ген жол жо­лағымен қозғалуға рұқсат етi­ледi, де­ген­мен, сол жақ жол жо­лағының бойымен рұқсат етiл­геннен төмен жыл­дамдықпен ке­ле жатқан көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi, мүмкiн­дiкке орай, осы жол жо­лағының бойымен неғұрлым жоғары жыл­дамдықпен жақын­дап ке­ле жатқан және 19.12-тар­маққа сәй­кес ес­керту сиг­на­лын бер­ген көлiк құра­лына жо­лағын бо­сатып, оң жаққа қатар ауыс­ты­руы ти­iс.

Осы бағыт­тағы қозғалысқа ар­налған үш және одан көп жол жо­лағы бар кез-кел­ген жол­да, басқа жол жо­лақта­ры бос бол­маған кез­де сол жақ шет­кi жол жо­лағына неғұрлым үде­мелi қозғалыс ке­зiн­де, сон­дай-ақ ба­сып озуға, солға бұры­луға не­месе ке­рi ай­на­лу үшiн шығуға, ал рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са­сы 3,5 т ар­тық бо­латын жүк ав­то­мобиль­де­рiне - тек қана солға не­месе ке­рi бұры­луға рұқсат етi­ледi. Бiр жақты қозғала­тын жол­дың, аял­дау не­месе тұру үшiн, сол жағына шығу тек қана Ере­женiң 12.1-тар­мағына сәй­кес жүзе­ге асы­рыла­ды.

Көлiк құрал­да­рының көршi жол жо­лағын­дағы қараған­да үлкен жыл­дамдықпен бiр жол жо­лағын­да қозғалуы ба­сып озуға жат­пай­ды.

9.5. Қозғалыс жыл­дамдығын 40 км/сағ. асыр­мауға ти­iс­тi не­месе тех­ни­калық се­беп­терге бай­ла­ныс­ты мұндай жыл­дамдық ала ал­май­тын көлiк құрал­да­ры ай­на­лып өту, ба­сып озу, солға, ке­рi бұры­лыс не­месе жол­дың сол жағын­да аял­дауға (тұруға) рұқсат етiл­ген жағдай­лар­да, ал­дында қатар ауыс­ты­ру жағдай­ла­рынан басқа кез­де өзi­не ке­рек­тi бағыт­пен осын­дай көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына ар­налған шет­кi оң жақ жол жо­лағымен қозғалуы ти­iс.

9.6. Бiр бағыт­тағы жүрiс бөлi­гiмен сол жақта бiр деңгей­ге ор­на­ласқан трам­вай жо­лымен қозғалуға осы бағыт­тағы бар­лық жол жо­лақта­ры бос бол­маған кез­де, сон­дай-ақ Ере­женiң 8.6-тар­мағын ес­ке­ре оты­рып ай­на­лып өту­ге, озып шығуға солға бұрылған­да не­месе ке­рi ай­на­лу ке­зiн­де рұқсат етi­ледi. Бұл кез­де трам­вайға ке­дер­гi жа­сал­ма­уы ке­рек. Қара­ма-қар­сы бағыт­тағы трам­вай жо­лына шығуға, сон­дай-ақ жол­да 5.8.1. не­месе 5.8.2. бел­гi­лерi қойылған бол­са, трам­вай жо­лымен қиылыс арқылы қозғалуға тыйым са­лына­ды.

9.7. Егер жүрiс бөлi­гi таңба­лау сы­зықта­рымен жол жо­лағына бөлiн­ген бол­са, көлiк құрал­да­рының қозғалы­сы бел­гi­лен­ген жол жо­лақта­ры бойын­ша жүзе­ге асы­рылуы ти­iс. Үзiк сы­зықты таңба­ларға қатар ауыс­тырған кез­де ғана шығуға рұқсат етi­ледi.

9.8. Ре­вер­сивтi қозғалыс­ты жолға бұрылған кез­де, көлiк жүргi­зушi көлiк құра­лын жүрiс бөлi­гiнiң қиылы­сынан шыққан кез­де көлiк құра­лы оң жақ шет­кi жол жо­лағын ала­тын­дай жағдай­да жүргi­зуге ти­iс. Қатар ауыс­ты­руға, жүргi­зушi осы бағыт­тағы қозғалысқа басқа жол жо­лақта­ры бойымен де рұқсат етi­летiн­дi­гiне көз жет­кiзген­нен кейiн ғана, рұқсат етi­ледi.

9.9. Көлiк құрал­да­рының жол жағала­уымен, тро­ту­ар­лармен және жа­яу жүргiн­шi­лер жо­лымен (Ере­женiң 12.1. және 24.2-тар­мақта­рын­да көздел­ген жағдай­лар­ды қос­паған­да), ол ел­дi ме­кен­дерде - бұдан басқа, жүрiс бөлi­гiнен тыс жер­лермен қозғалуға тыйым са­лына­ды. Жол-пай­да­лану және ком­му­нал­дық қыз­мет ма­шина­лары­ның қозғалы­сына, жол жағала­уына, тро­ту­ар­ларға не­месе жа­яу жүргiн­шi­лер жо­лына, тi­келей жақын ор­на­ласқан объек­тi­лер­ге жүктер­дi апа­ратын көлiк құрал­да­рының қысқа жол­мен ба­ру­ына, басқа кi­ру жо­лы бол­маған кез­де рұқсат етi­ледi. Мұндай кез­де қозғалыс қауiп­сiздi­гi қам­та­масыз етi­луi ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 9.10.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9.10. Жүргi­зушi қозғалыс жыл­дамдығына орай ал­да қозғалып ба­ра жатқан көлiк құра­лымен ара­да, соқтығысу­дан сақта­нуға мүмкiн­дiк бе­ретiн­дей және қозғалыс қауiп­сiздi­гiн қам­та­масыз ете­тiн қажет­тi бүйiр­лiк ара­лықты сақтауға мiн­деттi.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 9.11.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9.11. Ел­дi ме­кен­дерден тыс жер­де екi жо­лағы бaр екi жақты қозғалыс­ты жол­дарда олар үшiн жыл­дамдыққа шек­теу бел­гi­лен­ген көлiк құрал­да­рының, сон­дай-ақ ұзын­дығы 7 м-ден аса­тын көлiк құрал­да­рының (көлiк құрал­да­ры құра­мының) жүргізушіле­рi өз көлi­гi мен ал­да ке­тiп ба­ра жатқан көлiк құра­лының ара­сын­да олар­ды ба­сып оза­тын көлiк құра­лы бұлар жүрiп ке­ле жатқан жол жо­лағына ке­дер­гi­сiз қатар ауыс­ты­ра ала­тын­дай ара­лықты сақтауға мiн­деттi. Бұл та­лап, егер жүргi­зушi ба­сып озу­ды орын­дауға әзiр­ле­нiп ке­ле жат­са, сон­дай-ақ үде­мелi қозғалыс ке­зiн­де және ұйым­дасқан көлiк ко­лон­на­сының қозғалы­сы ке­зiн­де қол­да­ныл­май­ды.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 9.12.-тар­мақпен то­лықты­рыл­ды

9.12. Екi жақты қозғалыс­ты жол­дарда жүрiс бөлiгінiң ор­та­сын­да ор­на­ласқан қауiп­сiздiк арал­да­рының бөлу жо­лағы, тум­ба­лар және жол құры­лыс­та­рының эле­мент­те­рi (көпір тi­рек­те­рi, жол өткiз­гiште­рi және сол сияқты­лар) бол­маған кез­де, егер бел­гi­лер мен таңба өзге­ше нұсқама­са, жүргi­зушi оң жағынан ай­на­лып өту­ге мiн­деттi.

 

Өзекті сұхбат

Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу.
Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу.
- Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз. Ақыр соңында былтырғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті күшейту туралы заң қолданысқа енгізілді. Содан бері жыл өтті, жол қауіпсіздігіне қатысты нақты қандай нәтижелерді айта аласыз?
толығырақ »
Сенім телефондары

Акциялар

БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРІН БІРГЕ ҚАУІПСІЗ ЖАСАЙЫҚ!
Жол полициясы комитеті «Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынының бәрінен жақсы сценариына конкурс жариялайды. Жыл сайын республикада жол-көлік оқиғаларында 180-нен артық балалар қаза табады және тағы 2 мыңға жуық - түрлі ауырлық дәрежелі жарақаттар алады. Жол полициясы осындай қайғылы оқиғаларды болдырмауға қатар шараларды қабылдайды, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің Жол қозғалыс ережелерін білу және сақтауға насихаттау жолы.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: