Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2010 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында 28 ЖКО тіркелді, онда 5 адам қаза тапты және 30 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Астана, Алматы және Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады Сізге мұнда Алматы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады Сізге мұнда Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Оқиға орнын қараудың хаттамасын толтыру

Әкiм­шi­лiк құқық бұзу­шылықтың iз­де­рiн, өзге де ма­тери­ал­дық объек­тi­лер­дi, сон­дай-ақ әкiм­шi­лiк құқық бұзу­шылық ту­ралы хат­та­маны тол­ты­ру үшiн маңызы бар мән-жай­лар­ды анықтау мақса­тын­да уәкi­лет­тi ла­уазым­ды адам өз өкi­лет­тiкте­рi ше­гiн­де сол жер­дi, зат­тарды, құжат­тарды, тi­рi адам­дарды тек­се­руге құқылы.

Тек­се­ру жүргізудің жал­пы ере­желе­рi

  1. Тек­се­ру, әдет­те, қажеттілік ту­ын­даған жағдай­да де­реу жүргізіледі. Тек­се­ру жүргізілгені ту­ралы хат­та­ма тол­ты­рыла­ды. Хат­та­мада оның жа­салған күні мен ор­ны, хат­та­маны жа­саған адам­ның ла­уазы­мы, тегі, аты-жөні, тек­серілген адам, зат­тардың түрі, са­ны, өзге де ұқсас белгілері ту­ралы, со­ның ішінде қару­дың тұрпа­ты, мар­ка­сы, үлгісі, ка­либрі, се­ри­ясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, ар­найы же­дел іздестіру іс-ша­рала­рын жүргізу­ге ар­налған ар­найы тех­ни­калық құрал­дардың және ақпа­рат­ты қорғаудың крип­тогра­фи­ялық құрал­да­рының са­ны мен түрі ту­ралы мәлімет­тер көрсетіледі. Тек­се­ру хат­та­масы­на оны жа­саған ла­уазым­ды адам, тек­серілген адам, тек­серілген зат­тардың иесі, куәгер­лер қол қояды. Тек­се­руге жатқызылған адам, тек­серілген зат­тар иесі хат­та­маға қол қоюдан бас тартқан жағдай­да, оған тиісті жаз­ба жа­сала­ды.
  2. Тірі адам­дарды тек­се­руді осы Ко­декстің 620-ба­бын­да аталған ла­уазым­ды адам­дар жүргізеді. Тірі адам­дарды тек­се­руді тек­серілушімен жы­нысы бірдей адам және жы­нысы осын­дай екі куәгердің қаты­су­ымен жүргізеді. Тірі адам­ның зат­та­рын тек­се­руді, яғни олар­дың құры­лым­дық тұтас­тығын бұзбай жүзе­ге асы­рыла­тын тек­се­руді осы Ко­декстің 620-ба­бын­да аталған, оған уәкілетті ла­уазым­ды адам­дар осы зат­тарды меншікте­нуші не­месе иеле­нуші адам­ның қаты­су­ымен және екі куәгердің қаты­су­ымен жүргізеді. Тірі адам­да ай­на­ладағылар­дың өмірі мен ден­са­улығына зи­ян келтіру үшін пай­да­ланы­луы мүмкін қару не­месе өзге зат­тар бар де­уге негіз болған ерек­ше жағдай­лар­да оның же­ке ба­сын тек­се­ру, зат­та­рын тек­се­ру бұл ту­ралы жи­ыр­ма төрт сағат ішінде про­курорға ха­бар­ла­нып, куәгер­лерсіз жүргізілуі мүмкін.
  3. Осы бап­тың 2-бөлігінде көрсетілген­дерді қос­паған­да, орын­дарды, зат­тарды, құжат­тарды тек­се­ру, куәгер­лердің қаты­су­ымен жүргізіледі. Ерек­ше жағдай­лар­да (же­ту қиын­дық ту­дыра­тын жер­лерде, тиісті бай­ла­ныс құрал­да­ры бол­маған кез­де не­месе басқа объек­тивті се­беп­терге бай­ла­ныс­ты же­ке тұлғалар­ды куәгер­лер ретінде тар­туға мүмкіндік бол­маған­да) тек­се­ру куәгер­лердің қаты­су­ын­сыз, бірақ бұл рет­те оның ба­рысы мен нәти­желерін айғақтап көрсе­тетін тех­ни­калық құрал­дар қол­да­ныла оты­рып жүргізіледі.
  4. Қажет болған жағдай­да тек­се­ру құқық бұзу­шының, жәбірле­нушінің, куәлердің, сон­дай-ақ ма­ман­ның қаты­су­ымен жүргізіледі.
  5. Та­былған іздер мен өзге де ма­тери­ал­дық объектілерді тек­се­ру әкімшілік құқық бұзу­шылық жа­салған жер­де жүзе­ге асы­рыла­ды. Егер тек­се­ру үшін қосым­ша уақыт қажет бол­са не­месе та­былған зат­ты сол жер­де тек­се­руге еле­улі қиын­дықтар ту­ын­дай­тын бол­са, объектілер алып қойылуы және бу­ып-түйілген, мөр ба­сылған күйінде, зақым келтірілмей, тек­се­руге қолай­лы жер­ге жеткізілуі мүмкін.
  6. Тек­се­ру кезінде бар­лық та­былған және алып қойылған зат­тар куәгер­лерге, басқа да тек­се­руге қаты­сушы­ларға көрсетілу­ге тиіс, ол жөнінде хат­та­маға белгі қойыла­ды.
  7. Іске қаты­сы бар объектілер ғана алып қойылуға тиіс. Алып қойылған объектілер бу­ып-түйіліп, мөр ба­сыла­ды және уәкілетті ла­уазым­ды адам мен куәгер­лердің қол қоюы арқылы рас­та­лады.
  8. Тек­се­руге қаты­сушы адам­дар олар­дың пікірінше істің мән-жайын анықтауға септігін тигізуі мүмкін де­геннің бәріне уәкілетті ла­уазым­ды адам­ның на­зарын ауда­руға құқылы.
  9. Қажет болған жағдай­лар­да тек­се­ру кезінде тек­серілетін объектілер өлше­неді, олар­дың жос­парла­ры мен сыз­ба­лары жа­сала­ды, сон­дай-ақ су­рет­ке түсіріледі және өзге де құрал­дармен түсіріліп алы­нады, ол ту­ралы хат­та­маға белгі жа­салып, оған аталған ма­тери­ал­дар қоса тірке­леді.
  10. Тек­се­ру хат­та­масы­ның көшірмесі өзіне қатыс­ты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тап­сы­рыла­ды.

 

Өзекті сұхбат

Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу.
Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу.
- Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз. Ақыр соңында былтырғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті күшейту туралы заң қолданысқа енгізілді. Содан бері жыл өтті, жол қауіпсіздігіне қатысты нақты қандай нәтижелерді айта аласыз?
толығырақ »
Сенім телефондары

Акциялар

БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРІН БІРГЕ ҚАУІПСІЗ ЖАСАЙЫҚ!
Жол полициясы комитеті «Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынының бәрінен жақсы сценариына конкурс жариялайды. Жыл сайын республикада жол-көлік оқиғаларында 180-нен артық балалар қаза табады және тағы 2 мыңға жуық - түрлі ауырлық дәрежелі жарақаттар алады. Жол полициясы осындай қайғылы оқиғаларды болдырмауға қатар шараларды қабылдайды, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің Жол қозғалыс ережелерін білу және сақтауға насихаттау жолы.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: