Сізге мұнда Астана, Алматы және Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Жалпы ережелерЖалпы ережелер (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесінен үзінді) Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу тәртібін айқындайды. Осы Ереже басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасына 2 айдан артық мерзiмге уақытша әкелiнген көлiк құралдарының жекелеген түрлерін ішкі істер органдарының жол полициясы (бұдан әрі – ІІО ЖП) бөлiмшелерінде тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу оларды жол қозғалысына, оның ішінде халықаралық қозғалысқа қатысуға жіберу үшін негіз болып табылады, сондай-ақ көлік құралы иесінің меншік құқығын растайды. Осы Ереже бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу объектілері «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18-бабының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген механикалық көлік құралдары, автомобильдермен бірге қозғалысқа арналған тіркемелер болып табылады. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады: көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - көлік құралдарын тіркеу) - осы Ережеге сәйкес көлік құралдарын есепке қою, шығару, тіркеу белгілерін және олардың жол қозғалысына қатысуына рұқсатын растайтын басқа да құжаттарды беру жөніндегі заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын ІІО ЖП қызметі. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (бұдан әрі - МТНБ) – бұл көлік құралына берілген және уәкілетті органның деректер базасында тіркелген оған белгіленген реттік сәйкестендіру нөмірі. Бұл түсінік «Транзит» нөмірлік белгілеріне де қатысты. Көлік құралдарын тіркеудегі өзгеріс – заңнамада белгіленген құқықтық негіздер болғанда есепке алу деректері мен көлік құралдарының құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; тіркеу пункті – заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге жатқызылған көлік құралдарын тіркеу жөніндегі заңды рәсімдерді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының бөлімшесі; тіркеу құжаттары - көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсатын растайтын құжат болып табылатын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - КҚТК); көлік құралының меншік иесі (меншік иесінің өкілі) - көлік құралының меншік иесі болып табылатын не оны сенімхат бойынша иеленетін жеке адам немесе заңды тұлға; техникалық регламент – «Көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысы; техникалық құжат – көлік құралдарының оның техникалық параметрлеріне сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын құжат; агрегат – көлік құралының қозғалтқышы не шанағы. Көлік құралдарын тіркеу олардың конструкциясының, техникалық жай-күйі мен жабдықтарының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, оларды қолдану, алу, пайдалану, иеліктен шығару, кәдеге жарату, орталықтандырылған және өңірлік есебін қамтамасыз ету тәртібінің сақталуын ІІО ЖП-ның бақылауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Көлік құралдарын сатып алу және иеліктен шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүргізіледі. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына тиесілі көлiк құралдарын тiркеуге қолданылмайды. Көлiк құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат етуді жүзеге асыру мақсатында олардың иелерi сатып алудан, кедендік ресімдеуден, есептен шығарудан кейін тіркеу немесе көлік құралдарын тіркеуге өзгерістер енгізу жөніндегі рәсімдерден өту үшін тіркеу пункттеріне әкеледі. Тiркеуге бөлiнген кезеңде көлiк құралын тіркеу әрекеттерін жүргізу алдында оны тексеруге әкелу мақсатында тіркеу пунктіне бару үшін ғана және мiндеттi түрде транзиттiк нөмірлермен пайдалануға рұқсат етiледi. Дайындалған көлік құралдарының конструкциясы, оның ішінде олардың құрамдас бөліктерінің, қосымша құрал-жабдық заттарының, қосалқы бөлшектердің және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде заттардың конструкциясы белгіленген стандарттардың, ережелердің, техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек. Қолданыстағы заңнамалық актілерді бұза отырып, конструкциясына белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістер енгiзiлген көлiк құралдары тiркеу әркеттерін жүргізуге қабылданбайды. Көлiк құралдарына (нөмірлiк агрегаттарға) меншік құқығын растайтын, тiркеу әрекеттерін жүргізу үшін ұсынылған құжаттар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: құжатты берген күнi; мәміленің мәні мен шарттары (мемлекетті органның шешімі); тараптардың мекен-жайы, деректемелері және қолдары (заңды тұлғалар үшiн - мөрмен расталған қолдар); көлiк құралы туралы мәлiметтер (маркасы, моделi, модификациясы (типi); шығарылған жылы, әлемдік өндірушінің сәйкестендіру коды (WMI) – көлік құралының көліктік нөмірі сәйкестендіру нөмірінің бірінші бөлімі (VIN) көлiк құралын шығарушыны білдіреді. WMI коды осы өндірушіні сәйкестендіру мақсатында көлік құралын шығарушыға беріледі. WMI кодының қалған бөлімдерімен бірге пайдалану кезінде әлемнің барлық мемлекеттерінде соңғы 30 жыл ішінде шығарылған көлік құралдары үшін оның қайталанбауын қамтамасыз етеді; шассидің (раманың), шанақтың (колясканың, тiркеменің) түсi, реттік өндірістік нөмірі; өндіруші зауыттың қабылдау-тапсыру актісінің (көлік құралы паспортының), сәйкестік сертификатының, тіркеу құжатының сериясы, нөмірі және оларды берген ұйымдардың атауы. Тiркеу әрекеттерін жүргізуге өшiрiлген немесе қосып жазылған, сызылған сөздерi немесе түсінік берілмеген басқа да түзетулерi бар, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттар қабылданбайды. Көрсетілген құжаттардың мәтiнi анық және айқын жазылуы тиiс. Азаматтардың тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жерінің мекен-жайы (тіркелген тұрғылықты жері), ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартусыз және мекен-жайы дәл көрсетiлуге тиiс. Осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, тiркеу әрекеттерін жасау үшін ұсынылатын құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ тiркеу пункттерi беретін тiркеу және өзге де құжаттардың көшiрмелерi түпнұсқаны айырбастай алмайды. Көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректемелерi Жол жүрісі туралы конвенциясының талаптарына сәйкес латын әлiппесiнiң әрiптерiмен қайталанады. Тiркеу құжаттарындағы жазбалар жазу құрылғыларын пайдалана отырып, қара түстi пастамен жазылады. Тіркеу әрекеттерін жасау мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қарастырылған. Басқа тiлде жазылған көлiк құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттар мен тiркеу әрекеттерін жүргізу үшін ұсынылған өзге де құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылған болуы керек және бір тілден екіншісіне аударудың дұрыстығы туралы нотариустың не осындай нотариалдық әрекеттер жүргізуге құқығы бар басқа лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылған болуы тиіс. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген көлiк құралдарына (нөмірлік агрегаттарға) меншік құқығы Қазақстан Республикасының кеден органдары беретін құжаттармен расталады. |
Өзекті сұхбатҚайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу. - Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз. Ақыр соңында былтырғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті күшейту туралы заң қолданысқа енгізілді. Содан бері жыл өтті, жол қауіпсіздігіне қатысты нақты қандай нәтижелерді айта аласыз? толығырақ » АкцияларБІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРІН БІРГЕ ҚАУІПСІЗ ЖАСАЙЫҚ! Жол полициясы комитеті «Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынының бәрінен жақсы сценариына конкурс жариялайды. Жыл сайын республикада жол-көлік оқиғаларында 180-нен артық балалар қаза табады және тағы 2 мыңға жуық - түрлі ауырлық дәрежелі жарақаттар алады. Жол полициясы осындай қайғылы оқиғаларды болдырмауға қатар шараларды қабылдайды, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің Жол қозғалыс ережелерін білу және сақтауға насихаттау жолы. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|