Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!
Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаңалықтарға жазылуЖаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Кадрлық саясатІІО қабылдау ережелер Қазақстан Республикасы Ішкісминінің оқу орындар туралы анықтама Қазір Ішкісминнің ведомстволық басқаруында 3 жоғары және 3 орта кәсіптік оқу орындары бар, олар Академия; Қарағанды және Қостанай заң институттары; Ақтөбе, Семей және Шымкент заң колледждері. Жоғары оқу орындарында мамандар даярлау «Юриспруденция», және колледждерде «Құқық қорғау ісі» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің, заң күші бар «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Ішкісмин оқу орындарына орта білімі бар, ішкі істер огандары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, оқу орнына түсу жылының 31 желтоқсаны бойынша 17 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Оқу орнына түсуге талапкерлер медициналық, дене бітімі және психологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуден өтеді. Жоғары оқу орындарында қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білімнің мемлекеттік стандарттарының Ұлттық орталығы әзірлеген технологияға сәйкес кешенді тестілеу формасы бойынша жүргізіледі. Талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін келесі пәндерден емтихан тапсырады: жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі, математика; колледждерге оқуға түсу үшін жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілдерінен емтихан тапсырады. Талапкерлерге қабылдау емтиханын тапсыру уақытында өз төлем ақысы есебінен жатахана беріледі. Оқу орнындағы оқу мерзімі қысқа әскери қызмет өткерумен теңеледі және ішкі істер органдарындағы қызмет өтіліне кіргізіледі. Колледждерде оқу мерзімі 2 жыл, Академия және институттарда 4 жыл. Қазақстан Республикасы Ішкісмині оқу орындарына оқуға түскен тұлғалармен келісім-шарт жасалады. Оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары оқу процесінде казармалық жағдайда болады, тағаммен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, стипендия төленеді. Бұлардың бәрі Ішкісминге республикалық бюджетте көзделген қаржы есебінен, яғни тегін түрде жүзеге асырылады. Ішкісмин оқу орындарының түлектері міндетті түрде аумақтық ішкі істер органдарының бөлімшелерінде жұмысқа орналастырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілеріне сәйкес оқушыларды бір білім ұйымынан екіншісіне барлық оқу түрлеріне ауысуы екі білім ұйымдарының басшыларының келімімен жүзеге асырылады және тиісті бұйрықтармен ресімделеді. Ішкісмин оқу орындарына оқуға ресімдеу мәселесі бойынша тұрғылықты жердегі ІБББ-ІББ кадр аппараттарына хабарласу қажет. |
Өзекті сұхбатАДАМ ЖӘНЕ АПАТ Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері республикамыздың жолдарында 55 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан көз жұмды. Сонда жылына 2-3 мың адам айтып келмейтін тажалдан нақақ қайтыс болады десек, тағы бірнеше жылда қаншама жанның өмірі жоғалайын деп тұрғаны тұла-бойды түршіктіреді. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Кім кінәлі? Қайткенде кісі өлімін азайтуға болады? Ол үшін жол қозғалысы ережесін бақылайтын тиісті мемлекеттік органдар не бітіріп жатыр? Міне, осы сұрақтарға біз жауап іздеп ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қ.ТЫНЫБЕКОВКЕ жолыққан едік. толығырақ » АкцияларДауыс беруСіздіңше, жол полициясының тарапынан байқалған сыбайлас жемқорлықты жоюға маңызды не әсер етуі мүмкін?
|