Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Қазақша
Бастапқы бет сайт картасы
2010 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының аумағында 28 ЖКО тіркелді, онда 3 адам қаза тапты және 34 адам жарақат алды
Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда  Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Әкімшілік реформасы

Ішкі істер органдарында әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу бойынша 2008 жылы қабылданған шаралар туралы АҚПАРАТ

Мемлекет басшысының «Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарында әкімшілік реформаны одан әрі жүргізуді көздейтін шаралар кешенін әзірлеп, оларды жүзеге асыруда.

Жүргізілген функционалдық талдаудың негізінде басқару құрылымы оңтайландырылып, аумақтық және көліктегі ІІД аппараттарының штаттық саны қысқарды.

Босатылған штаттық санның есебінен жедел жағдайы қиын ең алдымен, қазіргі уақытта өңірлердегі тіркелетін барлық қылмыстардың шамамен 60% жасалған облыс орталықтарындағы қалалық және аудандық ішкі істер органдары нығайтылды.

Осылайша, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының ІІД басқару аппараттарын қысқарту есебінен аталған өңірлердің облыс орталықтарындағы ішкі істер органдары нығайтылды.

Аумақтық ІІД құрылымынан облыс орталықтарындағы ішкі істер органдарының тікелей басқаруына полицияның саптық бөліністері берілді.

Барлық облыс орталықтарындағы ішкі істер органдарының құрылымын біріздендіру үшін ішкі істер басқармалары құрылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттер есебінен аумақтық ішкі істер органдарының патрульдік қызметтерінің штаттық саны көбейтілді.

Сонымен қатар ІІД, КІІД аппараттарының басқару құрылымы мен штаттық санын оңтайландыру мақсатында Министрлік одан әрі ІІД, КІІД аппараттарының штаттық санын қысқартып, оларды жедел жағдайы өте қиын қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдарына бере отырып, жалпы штаттық санның арасындағы басқару аппараттарының үлес салмағының нормативін бекітуді ұсынады.

Қазіргі уақытта қылмыстарды ашу жұмысын бағалаудың бұрыңғы әдістерін өзгертуді көздейтін және өміріне, денсаулығы мен мүлкіне заңсыз қол сұғушылық туралы азаматтардың арыздарын, хабарламаларын толық есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметін бағалаудың жаңа өлшемдері әзірленіп жатыр.

ІІМ Штабы

 

Өзекті сұхбат

АДАМ ЖӘНЕ АПАТ
АДАМ ЖӘНЕ АПАТ
Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері республикамыздың жолдарында 55 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан көз жұмды. Сонда жылына 2-3 мың адам айтып келмейтін тажалдан нақақ қайтыс болады десек, тағы бірнеше жылда қаншама жанның өмірі жоғалайын деп тұрғаны тұла-бойды түршіктіреді. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Кім кінәлі? Қайткенде кісі өлімін азайтуға болады? Ол үшін жол қозғалысы ережесін бақылайтын тиісті мемлекеттік органдар не бітіріп жатыр? Міне, осы сұрақтарға біз жауап іздеп ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қ.ТЫНЫБЕКОВКЕ жолыққан едік.
толығырақ »
Сенім телефондары

Акциялар

Дауыс беру

Сіздіңше, жол полициясының тарапынан байқалған сыбайлас жемқорлықты жоюға маңызды не әсер етуі мүмкін?