Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!
Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаңалықтарға жазылуЖаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
2009-11-06 АДАМ ЖӘНЕ АПАТ
Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері республикамыздың жолдарында 55 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан көз жұмды. Сонда жылына 2-3 мың адам айтып келмейтін тажалдан нақақ қайтыс болады десек, тағы бірнеше жылда қаншама жанның өмірі жоғалайын деп тұрғаны тұла-бойды түршіктіреді. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Кім кінәлі? Қайткенде кісі өлімін азайтуға болады? Ол үшін жол қозғалысы ережесін бақылайтын тиісті мемлекеттік органдар не бітіріп жатыр? Міне, осы сұрақтарға біз жауап іздеп ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қ.ТЫНЫБЕКОВКЕ жолыққан едік. – Қайрат Сағатханұлы, бүгінде жол полициясы комитетіне үлкен ауыртпалық түсіп тұр. Өйткені, ол, атының өзі білдіріп тұрғандай, жол қозғалысының жәй-күйі мен қауіпсіздігіне тікелей жауап беруі керек. Бұл орайда өзіңіз осы қызметке келгелі бері әуелі қандай шаруаларды қолға алдыңыз? – Осы қызметке орналасқан соң, ең алдымен, өткен іске көз жүгірттім. Мұн¬дағы мақсатым бұрынғы атқарылған жұмыстар¬ды саралап өтіп, қазіргі күнгі жағдай қандай екендігін нақты анықтау еді. Соған орай Мемлекет басшысының біздің алдымызға қойып отырған талап¬тары¬на сәйкес не істеу қажеттігін толық¬тай пысықтап алдым. Сөйтіп, бұрынғы атқарылған істерді одан әрі жалғастыра отырып, негізгі бағытты үш салада жаңа¬ша жүргізуді алға міндет етіп қойдым. Бірін¬¬¬ші бағыт, ең алдымен, жол поли¬ция¬¬сы¬на халықтың сенімін арттыру болып табы¬лады. Бұл арада мен халықтың поли¬цияға де¬ген сенімі жоқ демеймін. Мә¬селе, сол халық¬тың сенімін ақтауда бо¬лып отыр. Ол үшін әуелі жұмысты ел ара¬сына бару¬дан, халықтың өзімен кез¬десуден баста¬дым. Орыс халқының классигі Ста¬ни¬слав¬ский “Театр ¬– киім ілгіш¬¬тен бастала¬ды” деп айтқандай, тұтас алғанда ІІМ жұ¬мыс көрсеткіші осы жол полиция¬сы¬ның қыз¬метінен бастау алады. Демек, ушық¬қан жағ¬дайды түзеу үшін халықтың сенімін қай¬тарып, сол көпшілікпен тығыз бай¬ла¬ныста жұмыс істеу қажет болды. Бұған рес¬пуб¬ли¬ка¬мыздың түкпір-түк¬пірін¬де “Жол¬да қа¬былдау акциясын” өткізгені¬міз нақты дәлел. Халық біздің өздерінің қауіпсіздігі үшін жұмыс істейтіндігімізді жақсы түсінуі керек. Ал жол полициясы инспек¬тор¬лары адам¬дар¬дың амандығы үшін қызмет атқарады. Демек, бәрі бір-бірімен тығыз байланыста жатыр. Жолмен жүр¬мейтін адам жоқ. Жүргізуші яки жаяу жүргінші болсын жол полициясы қызмет¬ке𳬬мен кездеседі, оның жұмысын тікелей күнде көреді. Біздің қызметкеріміз үстіне формасын киді ме, бірден иығына арты¬ла¬тын үлкен жауап¬кер¬шілікті сезінуге тиіс. Әрі-беріден кейін халық жол поли¬циясының қылығымен Үкімет ісіне баға береді. Шетелден келген жатжұрт¬тықтар елдің тәртібі мен мәде¬ниетін осы адамдар іс-әрекетінен таниды. Бұған жол поли¬ция¬сының дене келбетінен бастап, оның киім киісі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, қызметі бәрі-бәрі кіреді. – Бүгінгі таңда атқарылып жатқан істерге тоқталып өтсеңіз. – Қазір атқарылып жатқан жұмыстар көп, бірақ соның бәрі заңға қаншалықты сәйкес келеді? Көп ұзамай еліміз ЕҚЫҰ-ға төр¬ағалық етуді қолына алады. Соған байла¬ныс¬ты қазіргі қолданыстағы заңдары¬мыз толығымен халықаралық талаптарға сәйкес келуі керек. Бұл талап тұрғысынан шығу үшін біз 1968 жылы Венада қабыл¬данған Жол жүрісі туралы конвенцияны біздің елі¬міз де қабылдауын ұсыныс ретінде дайын¬дап, Парламент Мәжілісінің қарауына өткізіп қойдық. Ал жалпы, жол полиция¬сы¬ның қыз¬меті үш көрсеткішпен көзге түседі. Соның алғаш¬қы¬сы, жол-көлік оқиғасының саны, қанша адам опат болып, жарақат¬тан¬ды. Әри¬не, бұрынғы жылдармен салыстыр¬ғанда қазіргі жағдайды жақсарту қажет боп тұр. Дәл осы мәселеге байланысты 2006 жылы Елбасы¬ның қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесі¬нің отырысы да болып өтті. Сонда соңғы он жылда жол бойында ЖКО-да қайтыс болған адамдардың саны 30 мыңнан асып жығы¬латыны тұңғыш рет айтылды. Бұл төзгісіз жағдай еді. Сондықтан Қауіпсіздік Кеңесінде шұғыл шаралар қабылдау тапс¬ырылды. Содан бері жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көптеген іс тыңдырылды. Біз де қазір қарап жатқан жоқпыз. Өткен жылдың 10 айы ішінде еліміз жолдарында тіркелген ЖКО-ның саны 11115 болса, ол қазір 10229 құрап, жалпы ал¬ғанда жол апаты 8 пайызға төмендеді. Опат болғандар саны былтыр 2829 болса, биыл 2360 болып, 16,6 пайызға азайды. Соның арқасында 469 адамның өмірін сақтап қалдық. Сол сияқты былтыр жарақат алғандар саны 13238 болса, ол 12039-ға тө¬мендеп, 9,1 пайызға азайды. Яғни, 1199 адам жарақат¬танудан аман қалды деген сөз. 2006 жылғы көр¬сет¬кіш бойынша жол бойында 16 мың ЖКО тір¬келген екен. Ал қазір он айдың ішінде бұл сан қырық пайызға жуық төмендеп отыр. – ЖКО неліктен жиі орын алады? – Негізінен ЖКО үш факторға: жүр¬гізушіге, жол жағдайына және көліктің техникалық күйіне байланысты туындай¬ды. Осы үш негізде, ең алдымен, жүргізу¬ші¬ге көп мән беріледі. Оның кәсіби дайындығы қандай? Қалай білім алып шықты? Қазір көлік жүргізу еріккеннің ермегі емес, оған үлкен дайындық пен зор жауапкершілік керек. Бұрын мектепте көлік жүргізудің қыр-сырын оқушылар екі жыл оқитын. Онан соң ДОСАФ-та алты ай жүргізушілік курстан өтеді. Бірақ, жүргізуші жақсы оқып шық¬қанымен оған көптеген қиын¬шы¬лықтар да кез¬дес¬¬пей қоймайды. Соның бірі жүргізу¬шілер мәдениетінің төмендігі. Бірін бірі сыйлау, құрметтеу деген атымен жоқ. Мәселен, Ақтөбе қала¬сында екі жол апа¬ты¬¬нан төрт адам опат болды. Бірінде, жыл¬дам¬дықты асырған¬дықтан басқару тізгінін ұстай алмай жолдан шығып кетіп, аударылған. Екіншісінде, көшедегі көлік қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысқан да, соның салдары¬нан екі адам көз жұмды. Сон¬да байқасаңыз, жол бойында орын алатын апаттың 80 пайызы адами факторға байланысты. Қарама-қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шектен тыс асыру және кәсіби деңгейдің жетіспеуі апатқа соқ¬тырады. Тағы бір мысал, өткенде көлікке отырған қыз бала қарсы бағытқа шығып, түзу келе жатқан көлікпен соғысады. Соң¬ғысы қатты соққыдан жанға қарай сырғып барып, аялдамада тұрған адамдарды қағады. Соның салдарынан екі әйел сол жерде қаза тауып, жеті бірдей жас жарақат алды. Кім бұ¬ған кінәлі? Әрине, жүргізуші, оның кә¬сіптік деңгейі төмен және тәжірибесі де жоқ. БҰҰ есебіне қарағанда, ЖКО әр мем¬ле¬кеттің экономикасына орасан шығын келтіреді. Оның үстіне, ойлап қараңыз, бейбіт заманда қол-аяғы балғадай дені сау азаматтар қыршын кетіп жатыр. Жол-көлік оқиғасынан опат болған адамдар арасында жас та, кәрі де бар. Ол жастары¬мыз ертеңгі күні аман болғанда аралары¬нан небір данышпандар шықпасына кім кепіл еді. Елімізде бар-жоғы 16 миллион халық болса, оның жыл сайын осылайша саны кеми берсе, кімге пайда? Опат болып жатқан аза¬мат¬тардың дені 25 пен 45 жас аралығындағылар. 10 айда спиртті ішімдік ішіп алып 65573 адам рөлге отырған. Кеше елордада темір жол вокзалының маңында араққа сылқия тойып алған жүргізуші жол полициясын қағып кетті. Кейін ұсталған оны тексерсе жүргізу құжатынан былтыр айырылып қалған көрінеді. Бірақ соған қарамастан көлік жүргізіп жүр және оған қоса заңды белінен басып арақ ішіп рөлге отырған. Ақырында, міне, адам қағып жауапқа тартылды. Жол бойында орна¬тыл¬ған бейнебақылау қондырғылары арқылы заң бұзушылықтың 402 мың дерегі тіркелді. – Жол апатын барынша азайту үшін заңды қатайтып, әлем елдерінің оң тә¬жіри¬б嬬лерін енгізе беру қаншалықты тиімді? Бұл, жағдайға бір жақты ғана қарау емес пе? – 2008 жылы жол қозғалысы ере¬же¬лері¬не өзгерістер мен толықтырулар енгі¬зі¬ліп, заң қатайды. Жолда жүрудің талап¬тары күшейтілді. Мұның бәрі аспаннан түсіп, тосыннан пайда болып жатқан жаңалықтар емес, дамыған елдердің тәжі¬ри¬белері. Біз солардың өзімізге келетін тиімді тұстарын пайдаланудамыз. Қазір кейбір шетелдік көліктерде қауіпсіздік белбеуін тақпасаңыз от алмайды. Спиртті ішімдік ішіп отырсаңыз тағы от алмайды. Рас, мұндай жаңалықтарды біздің жерлес¬тері¬міз арасында ұната қоймайтыны бар. Жол полициясы көрінген дүниені тықпа¬лап жатыр дейді. Жоқ, мұның бәрі бекер емес, сол наразылық білдірген адамдар¬дың, олардың қасында келе жатқан туыс¬қан¬дарының, айналадағы жұрттың аман¬дығын сақтау үшін қажет. Бұл, жоғары¬да айтқанымдай, өркениетті елдер¬дің тәжіри¬бесінен өтіп, адам өмірі үшін жолда жүру ережесін сақтаудың ажырамас қағи¬дасы екенін әбден дәлелдеген тұжы¬рым. Ал жоғарыда аталған жол апаты туындағанда қауіпсіздік белбеуі қаншама адамның өмірін ажалдан сақтап қалғанын нақты сандармен тағы дәлелдеуге болады. Мәселен, Орал қаласы маңында “Тойота камри” көлігі қарсы жолға шығып, “Уаз” көлігімен соқтығысады. Орасан соққыдан “Уаз” көлігі жолдан аударылып түседі. Ішіндегі жеті бірдей адам өліп кетті. Сонда жаңағы “Уазды” соққан үш қыз үшеуі де аман қалды. Себебі, үшеуі де белдік таққан екен. Әрине, мұндай оқиға¬лардың бәрі өте қайғылы, бірақ айтпасқа тағы болмайды. Өйткені, өткеннен сабақ алып, соны өзге¬лерге үнемі жеткізіп отыр¬масаң, қауіпсіздік шараларын қолдануға атсалыспасаң, қайғылы жағдайлар тағы қайталана береді. – Бұл орайда жүргізушілерді дайындау барысы төмен болып отыр ғой. Оны түзеу үшін қандай амалдар қолданылуда? – Міне, осындай қайғылы жағдай¬лар¬дан келіп, жүргізушілерді оқыту және оларды көлікті басқаруға дайындау дең¬гейі қандай деген мәселе, расында, туындайды. Ол шыны керек, ойдағыдай емес. Сондықтан жүргізу¬шілерді дайындау сапасын жақсарту күн тәртібінен түскен емес. 2007 жылдан бастап ол лицензия¬лана¬тын қызмет тізбесіне енгі¬зіліп, соған сай ереже мен біліктілік талап¬тары бекі¬тіл¬ді. Әрине, орын алған жағдайға байла¬нысты көптеген автомектептерді жабуға тура келді. Олар сапасыз жүргізушілерді дайындайды. Жұмыс істеп тұрған 906 оқу орталығының тек 705-і ғана белгіленген талаптарға сәйкес келеді деген соң оларға лицензия берілді. Зерттеу нәтижесі көр¬сет¬кендей, жол апатын көбіне тудыра¬тын¬дар автомектепті жаңадан бітіріп шығып, әлі бір жыл да көлік тізгінін ұстамаған жас жүр¬гізушілер. Жоғарыда аталған оқыту мек¬тептерін жапқан кезде ЖКО 14,2 пайызға төмендеуіне әсерін тигізді. Енді үстіміздегі жылдан бастап жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына мемлекеттік және орыс тілдерінде жол қозғалысы мен алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтарын оқытуды енгіз¬дік. Оған арналған арнайы оқу кітаптары да дайын болды. Жол ережесін бұзушыларды анықтау¬дың бір тәсілі автопатруль. Олар жол бойында тұрған инспекторлар секілді кім көрінгенді тоқтатпайды. Алдағы көлік¬тер¬дің қайсысы жол ережесін сақтамай келе жатқандығын, олардың қайсысы бұрын жол қозғалысы ережесін бұзып тіркеуде тұрған¬дығын немесе ұрланған көлік екен¬дігін біледі. Күдік тудырған көліктің нөмірін компьютерге енгізіп, орталықтан ол туралы то¬лық мәлімет алады. Оның үстіне жол поли¬циясының көлігі көзге көрініп кетіп бара жатқанда ереже бұза қоймайды. Ал ертең¬гісін, түсте және кеште мектепке, я одан оқушылар үй¬леріне қай¬татын кезде авто¬патруль олар¬дың көшеден өту қауіп¬сіздігін қам¬тама¬сыз етеді. Мұндай тәжірибе әзірге Алматы, Астана, Қарағанды және Өске¬мен қалаларында өткізіліп жатыр. – Жол апатын болдырмау үшін не істеу қажет? – Соңғы кездегі ірі жол апаттары елі¬міз¬дің жол қозғалысы ережесінің осал тұс¬тары бар екенін анықтап берді. Соған орай көптеген мәселелерді шешу қажет болып тұр. Құқық бұзған жүргізуші мен жаяу жүргін¬ші¬лерге салынатын айыппұл мен санкцияларды қатайта беру қажет. Соңғы он жылда еліміз¬дегі автокөліктің саны 3 миллион 200 мың¬нан асып түсті. Бірақ, осы санға көшелер мен тас жол¬дары¬мыздың инфрақұрылымы сәйкес келмейді. Көптеген жолдардың жүре¬тін бөлігі 7,5 метрді құрайды, ол тек қарама-қарсы екі көліктің жүруіне ғана жарайды. Жағдай одан әрі ушықпай тұрғанда жол¬дарымызды талапқа сай жүйеге келтіру қа¬жет. Өйткені, көшелерді дұрыстауға, жол¬дар¬ды жөндеуге жауап беретін адам¬дар¬дың салғырттығы ЖКО-ның көптеп орын алуына әсерін тигізетінін естен шығармаған жөн. Адамның өмірінен артық ештеңе жоқ дейтін болсақ, бөлу жолағы бар және қор¬шалған жаңа жолдарды салу қажет. Өйткені, ЖКО-да опат болғандардың әрбір бесіншісі қарама-қарсы бағытқа шығып, әрбір төртін¬шісі жолдан аудары¬лып кетудің салдарынан қаза табады. Бұл мәселе бұрын айтылса да, еш өзгеріс жоқ. Бар болғаны жолдың тек беткі қабаты жөнделеді. Ал бұл мәселелерді шешу үшін өңірлік бағдарла¬маларды іске асыру қажет. Алайда, бірқатар облыстық әкімдік¬тер өңірлік бағдарлама¬лардың шығыс бөліктерін қысқартып тас¬тады. Сонымен қатар, автокөліктерді мем¬ле¬кет¬тік техни¬ка¬лық байқаудан өткізу мүм¬кін¬дігін талап¬қа сай келтіру қажет. Әйтпесе, жол полициясының көлік құрал¬дары¬на техни¬ка¬лық диагностика жасауына ешқандай да мүмкіндігі жоқ. Техника¬лық жарамсыз көліктер еліміздің жол¬да¬рын¬¬д¬а толып жүр. Осыған орай тағы бір ай¬тарым, автокөлік кәсіпорындарында авто¬бус¬тардың, жүк көліктерінің техникалық байқаудан өтпей¬тіндігі анықталды. Оған қоса жүргізушілер еңбек режімі мен денсау¬лығын сақтау тәр¬ті¬бі¬не немқұрайлы қарай¬тындығы анықтал¬ды. Мәселен, Алматы қаласында “HOWO” жүк көлігінің жүргізу¬шісі денсау¬лы¬ғының кенеттен нашарлауына орай тізгінге ие бола алмай Тайота көлігін қағып өтіп, онан әрі екпінімен аялдамаға соғы¬лады. Осының салдарынан 11 адам қаза тауып, 5 адам түрлі дене жарақатын алды. Ал енді ЖКО бола қалған жағдай¬дың өзінде адамдардың өмірін құтқарып қалуға тырысу керек деп ойлай¬мын. Ол үшін зардап шек¬кендерге уақтылы жедел жәрдем көрсететін көлікпен және тік¬ұшақ¬пен қамтамасыз етілген арнайы құт¬қару қызметін құру қажет. ЖКО зардап шеккен¬дерге алғашқы 9 минөт ішінде шұғыл жедел жәрдем көрсетілсе оның 90 пайызының өмірі сақ¬талып қалады екен. Міне, опат ту¬дырар жол апатын азайту үшін осындай кешен¬ді шара¬ларды жүзеге асыру қажет деп есептеймін. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ. |
Өзекті сұхбатАДАМ ЖӘНЕ АПАТ Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері республикамыздың жолдарында 55 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан көз жұмды. Сонда жылына 2-3 мың адам айтып келмейтін тажалдан нақақ қайтыс болады десек, тағы бірнеше жылда қаншама жанның өмірі жоғалайын деп тұрғаны тұла-бойды түршіктіреді. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Кім кінәлі? Қайткенде кісі өлімін азайтуға болады? Ол үшін жол қозғалысы ережесін бақылайтын тиісті мемлекеттік органдар не бітіріп жатыр? Міне, осы сұрақтарға біз жауап іздеп ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қ.ТЫНЫБЕКОВКЕ жолыққан едік. толығырақ » АкцияларДауыс беруСіздіңше, жол полициясының тарапынан байқалған сыбайлас жемқорлықты жоюға маңызды не әсер етуі мүмкін?
|