Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Қазақша
Бастапқы бет сайт картасы
2010 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының аумағында 28 ЖКО тіркелді, онда 3 адам қаза тапты және 34 адам жарақат алды
Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда  Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Төраға

Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы полиция полковнигі Тыныбеков Қайрат Сағатханұлы

1959 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысының Нарынқол ауданы, Текес ауылында дүниеге келген.

1982 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру факультетін тау-кен инженер-электригі біліктілігі бойынша аяқтаған.

1987 жылы КСРО ІІМ-нің Харьковтағы жоғарғы курсын тәмамдаған.

1993 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген, мамандығы — құқықтану, біліктілігі — заңгер.

2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша бітірген.

1976 жылдан – «Қаратауфосфорстрой» трестінде балташы-бетоншы.

1982 жылдан – таулы аумақтың жерасты шебері (Семей облысы). 1985 жылдан – «Электромонтаж» Арнаулы Басқармасында электромонтажшы (Алматы қ.).

1987 жылдан — Алматы қаласының СОШҚҚ Мәскеу аудандық ІІБ-нің жедел уәкілі. 1991 жылдан – Алматы қаласының Мәскеу аудандық ІІБ қоғамдық тәртіпті қорғау бөлімшесі бастығының орынбасары. 1993 жылдан – Алматы қаласының Калинин аудандық ІІБ бастығының орынбасары. 1995 жылдан – Алматы қаласының ІІББ Әкімшілік полициясы қызметінің бастығы.

2000 жылдан – Қазақстан Республикасы ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы.

2001 жылдан – Батыс Қазақстан облысының ІІБ бастығы.

2005 жылдан – Көліктегі Батыс ішкі істер Департаментінің бастығы.

2009 жылдың 30 сәуірінен – Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полиция комитетінің төрағасы.

«Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

 

Өзекті сұхбат

АДАМ ЖӘНЕ АПАТ
АДАМ ЖӘНЕ АПАТ
Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері республикамыздың жолдарында 55 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан көз жұмды. Сонда жылына 2-3 мың адам айтып келмейтін тажалдан нақақ қайтыс болады десек, тағы бірнеше жылда қаншама жанның өмірі жоғалайын деп тұрғаны тұла-бойды түршіктіреді. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Кім кінәлі? Қайткенде кісі өлімін азайтуға болады? Ол үшін жол қозғалысы ережесін бақылайтын тиісті мемлекеттік органдар не бітіріп жатыр? Міне, осы сұрақтарға біз жауап іздеп ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қ.ТЫНЫБЕКОВКЕ жолыққан едік.
толығырақ »
Сенім телефондары

Акциялар

Дауыс беру

Сіздіңше, жол полициясының тарапынан байқалған сыбайлас жемқорлықты жоюға маңызды не әсер етуі мүмкін?