Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Қазақша
Бастапқы бет сайт картасы
2010 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының аумағында 28 ЖКО тіркелді, онда 3 адам қаза тапты және 34 адам жарақат алды
Сізге мұнда Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда  Астана қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жол полициясының тарихы

Қазіргі Жол полициясының қызмет ету аясы 1878 жылы полиция қызметкерлері міндеттеріне кірген. Оларға жолдардың жағдайы, көпірлер, өтпелдер, жас азаматтарды уақытында дұрыс жолға қою, телеграф жүйелерінің бөлінбестіктеріне, қыс мезгілінде өзендер, көлдер мен алқаптардан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен бірге белгілер мен жолдың шетінде отырғызылған ағаштардың тұтастығына қарау, ресми өкімі берілген, олардың бұзылғандығы байқалса дереу Становтық Приставқа жеткізілген.

Октябрь революциясынан кейін, анығырақ айтқанда 1918 жылдан бастап жол қазғалысына бақылау жасау, жұмыс-шаруа милицияларымен жүргізілген. «Москва қаласы мен оның маңайы бойынша автоқозғалыс туралы» 1920 жылы 10 шілдеде бірінші нормаға сәйкес құжат шыққан. 1922 жылы 22 қарашада «Жезлды қолдану тәртібі бойынша постағы милицонер нұсқаулығы» бекітілген. Оның ұстайтын жері сары түсі қызыл, оларды «автовеломашиналары мен экипаждарды тоқтату» жағдайларында қолданған.

Мемлекеттік автомобиль инспекциясын құру Орталық жол-көлік басқармасы шешімімен 1934 жылы қарашада қабылданды. Автоинспекция 1936 жылдың 3 наурызына дейін ведомствалық орган болды. Сол күннен бастап МАИ жұмыс-шаруа милициясы Бас басқармасы құрамына кірді. Ал 1936 жылы 3 шілдеде КСРО ХКК МАИ туралы қаулы қабылдады. Тарих бойынша бұл күнді МАИ туған күні деп санауға болады. Егеменді Қазақстанда Мемавтоинспекциясы туралы бірінші қағида 1992 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Қаулысымен бекітілген. Нақ осы күн Қазақстан Республикасы МАИ туған күні болып саналады.

1996 жылы қаңтардың 3-де Мемлекеттік автоинспекциясының атауы Жол полициясы болып ауыстырылды. Бұл жай ғана атауын өзгерту емес, жұмыс негізі де өзгертілді. Қазіргі жол полициясының алдыңғы деңгейдегі тапсырмасы қоғамдық тәртіпті, қылмыспен күресу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып азаматтарды қылмыстық қастандықтан, қорғау міндеті болып табылады. Бүгінгі күні жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы осыдан 20 жыл бұрынғы жұмыстардан сапалығымен айрықшаланады: адамдар өзгерді, олардың қарым-қатынастары да өзгерді. Қазіргі кезде инспектор тек қана жол қозғалысы ережесін жетік білуден басқа, сонымен бірге заңдар жиынтығын, психология негіздерін, қазіргі техниканы, оның ішінде компьютер, және тағы басқаны білуге міндетті.

Осы кезде қызметтің аты оның, қазіргі бейімделуіне сәйкестендірілген деп айтуға болады. Құқықтық тәртіпті қорғау мен қылмыспен күресу бойынша қызмет, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жол полициясы қызметін жылжытып қоймағандығы туралы куәландырады.

Жол полициясы тарихы жылнамасының арасына өз беттерін қосқан, Ұлы Отан соғысы ардагерлері: Григорий Васильевич Упырь, Саут Жамбаевич Жамбаев, Зоя Федоровна Чернова, Иван Ефимович Калюжный.

Өмірде ерлік үшін әрқашан орын бар. Біздің тыныштық заманымызда, Қарағанды қаласындағы «Қант орталығы» ЖШС 1998 жылы қарашаның 11 жұлдызында, қарқшылық шабул жасаған қарулы қылмыскерлерді тұтқынға алу кезінде, жол полициясы инспекторы полиция старшинасы Рүстем Рафикович Мәжітов (қайтыс болғаннан кейін 3 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды) қаза болды. Тұтқынға алуға қатысқан жол полициясы инспекторы Виталий Ондасынович Сатанов («Ерлігі үшін» медальмен марапатталды) қазіргі кезде өз қызметін жалғастыруда. Маңғыстау облысының «Рубеж» бақылау бекетіне 07.06.01 жылы 03.30 сағ. шамасында жол полициясы инспекторына, камуфляж формасын киген екі белгісіз адам шабул жасаған. Нәтижесінде олар оның табельдік қаруын тартып алып, Маңғыстау облысы ІІБ ЖП ЖР инспекторы полиция кіші серженты (ішкі істер органдарында бір жыл ғана қызмет атқарған) 1978 жылы 22 тамызда дүниеге келген Қалдыбай Байрамқұлович Батырхановты атып өлтірген. 2001жылдың 7-ші маусымда 06.45 сағ. «Сирена» жоспарын енгізу қорытындылары бойынша, Ақтау қаласы 4 мөлтек ауданына қарама-қарсы жерде қылмыскерлер ұсталды2005 жылы Астана қаласында жол полициясы қызметкері қызметтік міндетін атқаруда қаза болды. Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте 13-ші Магистраль көшесінің учаскісінде болды. 12 сағ.20 минуттар шамасында жол полициясы жеке арнайы батальонының аға инспекторы полиция капитаны Марғұлан Қонаев апат жағдайын туғызған «Фольксваген-Пассат» автомашинасын тоқтатуға әрекет жасаған, ол жаяу жүргіншілер өтпесінен өтіп бара жатқан баланы қаға жаздады. Жүргізуші полицейлердің тоқтау талабынна ескермеушілік танытты. Осы жағдайдан кейін, полицейлер тәртіп бұзушыны қуып жетіп, оның автомобильді тоқтатуына тағы бір әрекет жасады: М.Қонаев машинадан түсіп «Фольксваген» жүргізушісіне тоқтау сигналын берді. Бірақ жүргізуші автомобильді меңгере алмай полиция қызметкерін қағып кетті. ЖКО қортындысында аға инспектор Қонаев өмірмен үйлеспейтін, дене жарақаттарын алып, жол көлік оқиғасы болған жерде мерт болды. «Фольксваген» жүргізушісі мен салонындағы автомашинаның иесі ұсталды және УҚИ орналастырылған. Сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші алкогольлді мас күйінде болған. 2005 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №1682 Жарлығымен Астана қаласы ІІД ЖПБ ЖПЖАБ аға инспекторы Марғұлан Амангельдинович Қонаев (қайтыс болғаннан кейін) 2 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

 

Өзекті сұхбат

АДАМ ЖӘНЕ АПАТ
АДАМ ЖӘНЕ АПАТ
Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері республикамыздың жолдарында 55 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан көз жұмды. Сонда жылына 2-3 мың адам айтып келмейтін тажалдан нақақ қайтыс болады десек, тағы бірнеше жылда қаншама жанның өмірі жоғалайын деп тұрғаны тұла-бойды түршіктіреді. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Кім кінәлі? Қайткенде кісі өлімін азайтуға болады? Ол үшін жол қозғалысы ережесін бақылайтын тиісті мемлекеттік органдар не бітіріп жатыр? Міне, осы сұрақтарға біз жауап іздеп ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қ.ТЫНЫБЕКОВКЕ жолыққан едік.
толығырақ »
Сенім телефондары

Акциялар

Дауыс беру

Сіздіңше, жол полициясының тарапынан байқалған сыбайлас жемқорлықты жоюға маңызды не әсер етуі мүмкін?