Сізге мұнда Астана, Алматы және Шымкент қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Көліктік қылмыстарды ашуҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі автомобиль көлігі аясындағы қылмысқа қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыру және осы бағыттағы жедел-іздестіру қызметін жетілдірудің жаңа ұйымдастырушылық-тактикалық әдістерін іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2002 жылғы 1 маусымдағы №388 бұйрығымен жол полициясының қызметінде жедел жұмыс жүргізу құқығы бар жедел-іздестіру бөліністерін құрды. Қазақстан Республикасының заңнамасына және жүктелген міндеттерге сәйкес жедел-іздестіру бөліністерінің негізгі міндеттері: - республиканың автомагистральдарында және олардың инфроқұрылым объектілерінде жасалатын қылмыстарды ескерту, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша ішкі істер органдары үшін заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде облыстардың ІІД жол полициясы басқармаларының жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, қылмыс жасаған адамдарды анықтау және ұстау, бұл ретте Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 және 297-баптарында көзделген адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғаларымен байланысты қылмыстарды, көлік құралдарын басқаратын адамдарға қатысты жасалған қарақшылық шабуылдар мен тонауларды ескерту, олардың жолын кесу және ашу негізгі басым бағыттары болып табылады. Көрсетілген бөліністердің қызметін талдау олардың ішкі істер органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмысына белгілі бір үлес қосқанын көрсетті және жыл сайын жол полициясының осы бөліністері қызметкерлерінің тікелей ашқан қылмыстарының саны өскені байқалады. 2008 жылдың 12 айында жол полициясының көмек көрсетуімен 18003 қылмыс немесе ішкі істер органдары ашқан қылмыстардың 29,3% ашылды, оның ішінде кісі өлтіру — 315, денсаулыққа қасақана зиян келтіру — 844, қарақшылық шабуыл — 334, тонау — 1464, бөтеннің мүлкін ұрлау — 8528, көлік құралын заңсыз иелену — 616, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыс — 1574, алаяқтық — 816 және зорлау — 233. Жол полициясы қызметкерлерінің тікелей қатысуымен 4574 қылмыс ашылды. Сонымен қатар республиканың автожолдарындағы қылмысқа қарсы күресті жандандыру бойынша басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасасу бөлігінде жол полициясы бөліністерінің жедел-іздестіру қызметінде оң өзгерістер байқалады. Жол полициясының жедел құрамы 2008 жылдың 12 айында 4932 қылмысты ашуға қатысқан, бұл 2007 жылдың осыған ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 0,5% артық. Жол полициясы қызметкерлерінің тікелей қатысумен 1964 қылмыс ашылды (+9,9%). 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Бас прокуратураның деректеріне сәйкес көрсетілген мерзімде республикада автокөлік ұрлаудың 600 және ұрлау мақсатынсыз көлік құралын заңсыз иемденудің 2123 фактісі тіркелген. Ұрлау мақсатынсыз көлік құралдарын заңсыз иемденуді ашу 80% шамасында. Автомашиналарды ұрлауды ашу 40,7%-дан аспайды. Бөтеннің мүлкін ұрлау құрылымында автокөлікті ұрлаудың және айдап әкетудің үлес салмағы 5,2% (2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша) құрайды. 2008 жылдың 12 айында өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда автомашиналарды ұрлау 455-ден 600-ге дейін немесе 31,9%, ұрлау мақсатынсыз көлік құралын заңсыз иемдену 2389-дан 2123-ке дейін немесе -11,1% өскен. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөтеннің мүлкін ұрлауға, оның ішінде автокөлік құралдарын ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 23 наурыздағы №135 бұйрығымен бекітілген «Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2006–2008 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленді. Оның негізі мақсаттары: 1. Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралармен бірге жария, жасырын әдістер арқылы автокөлік құралдарын ұрлаудың және айдап әкетуді ескрту, ашу бойынша жедел қызметті тиісті ұйымдастыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасауға бейім адамдардың қоғамға қарсы әркеттерін түзету. 2. Жол полициясы бөліністерінің күштері мен құралдарын автокөліктерді бөлшектеп сату жерлерінде тиімді пайдалану, беделі күмәнді автоқызмет көрсету объектілерінің қызметіне жедел бақылау жасау. 3. Қазақстан Республикасы және ТМД бойынша іздестіруде жүрген автокөліктерді, нөмірлік белгілерді, қылмыскерлерді анықтау үшін жол полициясы автомобильдерін компьютерлік техникамен кезең-кезеңмен жарақтауды ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар 2008 жылы ұрланған және айдап әкетілген автокөліктерді анықтау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жол полициясы органдарының бөліністерінде Минск қаласының «Регула» ЖШС әзірлеген «Зоркий» магниттік оптикалық құрал пайдаланылады, ол көлік құралдары агрегеттарының нөмірлерін сәйкестендіруді жүргізіп, оларды қолдан жасауды анықтауға, сондай-ақ құжаттардың алғашқы мазмұнына өзгерістер енгізілген орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Құралдың бағдарламалық қамтамасыз етуіне әр түрлі елдердің техникалық паспорттарының, анықтама-есептерінің, жүргізуші куәліктерінің үлгілері бар деректер базасы қоса беріледі. Базадағы әрбір құжатқа құжаттарды қорғаудың әр түрлі дәрежелері толық сипатталған. Осы құралды пайдалану кезеңінде шанақ пен қозғалтқыштың нөмірлік белгілерін өзгертудің 94 және Евроодақ пен Америка елдерінен келген автомашиналарды тіркеу құжаттарын қолдан жасаудың 8 фактісі анықталды. |
Өзекті сұхбатҚайрат ТЫНЫБЕКОВ, ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: азір халықтың жол полициясына деген сенімі арта түстірын басшыларына үндеу. - Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз. Ақыр соңында былтырғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті күшейту туралы заң қолданысқа енгізілді. Содан бері жыл өтті, жол қауіпсіздігіне қатысты нақты қандай нәтижелерді айта аласыз? толығырақ » АкцияларБІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРІН БІРГЕ ҚАУІПСІЗ ЖАСАЙЫҚ! Жол полициясы комитеті «Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынының бәрінен жақсы сценариына конкурс жариялайды. Жыл сайын республикада жол-көлік оқиғаларында 180-нен артық балалар қаза табады және тағы 2 мыңға жуық - түрлі ауырлық дәрежелі жарақаттар алады. Жол полициясы осындай қайғылы оқиғаларды болдырмауға қатар шараларды қабылдайды, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің Жол қозғалыс ережелерін білу және сақтауға насихаттау жолы. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|